Оңтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне енгізілген 10 мәселені талқыламас бұрын төраға қоғамдық келісім мүшелеріне куәліктерді табыс етті. Содан кейін барып өзекті мәселелерді талқылауға көшті.
Олардың маңыздыларына тоқталсақ — облыс бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп-өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын бекіту, дендросаябаққа Асанбай Асқаровтың есімін беруді бекіту және құрметті азамат атағымен марапаттау ережесіне өзгерістер енгізу мәселелері.
Облыс мәслихаты хатшысының мәлімдеуінше, аталған атақты беруде келіспеушіліктер орын алып, соңғы үш жылда құрметті азамат атағын беру тоқтатылған болатын. Енді ережені бекітуде көрші өңірлердің тәжірибесі де ескерілді дейді Қайрат Балабиев.