Шымкентте ҰБТ басталды

812

20 маусым күні Шымкентте ҰБТ басталды. Биыл аталған тестілеудің форматы жаңа жүйеге көшкендіктен, түлектердің жүзінен қорқу-қобалжу, уайымдау секілді әсерлері байқала қойған жоқ. Тек мектеп бағдарламасынан  дайындықтарын пысықтауға кіріскенін жеткізді.  Ал ата-аналары мен ұстаздары өз кезегінде шәкірттерді қолдап-қуаттап, таңғы сағат 8:00-де тиісті межеленген аудиторияларына шығарып салды.

Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, қаламыздағы мектептерден айтулы мемлекеттік сынаққа қатысуға өтініш білдірген оқушылар саны – 5059. Қазақ тілінде — 4072, орыс тілінде — 987.

Тестілеу 3 пункте өтеді. Олар:
1. М.Әуезов ат. ОҚМУ – 1 457 оқушы (26 мектеп).
2. ОҚ мемлекеттік фармацевтика академиясы – 1 383 оқушы (30 мектеп).
3. Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университеті — 2 219 оқушы (57 мектеп).

ҰБТ 5 пәннен өткізіледі (3 міндетті, 2 таңдау пәндері).
Тестілеу уақыты – 3 сағат 50 минут. Жалпы тапсырма саны – 120, максималды балл саны – 140.