10 жүк көлігін өртеген күдікті ұсталды

377
10 жүк көлігін өртеген күдікті ұсталды

Оңтүстіктің полицейлері 10 жүк көлігін жүгімен бірге өртеп жіберген күдіктіні ұстады. 27 жастағы жігіт Манкент ауылында сатылымға қойған шөпті әдейі өртеп жіреріпті. Мұны күдікті азаматтың өзі мойындады. Еске сала кетейік, оқыс оқиға салдарынан 10 жүк көлігін шөбімен қоса сау-тамтығы қалмай өртеніп кеткен.

Манкент ауылындағы болған өрттен шаруаларға 9 млн теңге шығын келді. Еске салайық, бұл оқыс оқиға 5 шілде күні сағат таңғы 6:56 шамасында Сайрам ауданында болған еді. Мұнда шөп тиелген 10 жүк көлігі өртеніп кеткен. Абырой болғанда, қызыл жалын шарпыған кезде көліктердің ішінде адам болмаған. Бірақ, техникалардың барлығы сау-тамтығы қалмай жанып кетті.

Сайрам ауданының полицейлері бұл істі тексере келе 27 жастағы З. есімді азаматты ұстады. Сөйтсе ол Манкент ауылында шөп сату үшін тұрған 10 жүк көлігін қасақана өртеп жіберіпті. Бұл ісін күдікті жігіт полицейлерге берген түсініктемесінде мойындады.Енді күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол жылдап темір торға қамалуы мүмкін. Қазір полицейлер осы факті бойынша қылмысты кодекстің 202-бабы, 2-бөлігімен, бөтеннің мүлкін қасақана жою әрекетіне қатысты іс қозғап, сараптамалар тайындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.