Шымкент. 22 маусым. Ең ұзақ күн

3753
06:02

22 наурыз — жыл басы. Сол күні түн мен күн теңеседі. Одан ары қарай күн біртіндеп ұзара береді. Содан 22 маусым күні ең ұзақ шегіне жетеді. Осылайша 22 маусым Солтүстік жарты шардағы ең ұзақ күн саналады. Бұл күні тәуліктің жарық мерзімі барынша ұзақ болады.

22 маусым күні сағат 05:10-да таң атады. Күн 05:45-те шығып, 21:02-де батады. Бірақ, қараңғылық сағат 22-ден кейін түседі. Осылайша жарық мезгілдің ұзақтығы — 15 сағат 16 минут. Ендеше, жылдың осы ең ұзақ күні Шымкентте қалай өтті? Фотосуреттер сөйлесін!

Таң қараңғысында тұрып, Бәйдібек би ескерткішіне келдім. Қаланың ең биік жері осы. Әрі шығыс көкжиек те анық көрінуі тиіс.

Алғашқы фотодан қаланың үсті әлі қараңғы екенін көруге болады. Дегенмен, аспан ашылып келеді.

Сағат 05:13

Ал батыс жаққа қарасақ, әлі түнге ұқсайды.

Сағат 05:14
05:19. Шығыс жақ ағарып келеді
05:20. Солтүстік көкжиек
05:24
05:26

Бәйдібек би ескерткішінің жанында бір топ жас жүр екен. Атқан таңды қарсы алуға келген мектеп түлектері.

*****

05:55. 18-шағынаудан. Рысқұлов даңғылы
05:55
05:58
05:56
06:00
06:02

***

06:11. Шымкенттің оңтүстік жағы. Қаладағы ең биік ғимараттан түсірілген фото
06:11. Күн шығып келеді
06:12

***

06:39. Шымкенттің қақ ортасы әлі тыныш. Тәуке хан даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысы
06:39
06:40
06:43
06:43. Жұмысшылар автобусы мен тазалықшы апай
06:44

***

06:50. Рысқұлов даңғылы. Алғашқы автобустардың бірі жолға шықты. №92 бағыт
07:11. Келесі автобусқа үлгердім
07:14. Самал базары. Күзетшіден басқа әлі ешкім жоқ
07:15. Мына таксист ерте келіп, бірінші кезекті алыпты
07:16. Қарсы беттегі аялдама әлі тып-тыныш деуге болады

***

Сонымен, сағат 1 шамасы. Күн әбден ысып, күшіне мінген. Дегенмен, шаһар тіршілігі бір сәтке де толастаған емес.

13:10. Самал базары. Рысқұлов даңғылы мен Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысы
13:12
13:14. Таңғы 7-дегі тыныш аялдама маңын қараңыз
13:18
13:19. Базар маңы қыз-қыз қайнаған тірлік

 

13:43. Байтұрсынов және Мәделі қожа көшелерінің қиылысы
13:59. Қонаев даңғылы
13:59
16:54. Тәуке хан даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысы
16:54
16:55
16:59. Орталық әмбебап дүкен жанындағы субұрқақ
16:59
17:03
17:04. Тәуке хан және Қонаев даңғылдарының қиылысы
17:05. Дайындал…
17:05. Кеттік!
17:05. Кезекті жас жұбайлар кортеджі
17:07
17:24. Оқушылар сарайындағы жазғы үйірмелер

****

18:10. Қырғы базар маңы
18:11. Қайыршы күндік табысын санап отыр
18:13. Базар әлі «қайнап» жатыр
18:13
18:51. Ордабасы алаңы көлікке толы
18:52
18:53

***

20:11. Республика даңғылы мен Гагарин көшесінің қиылысы. Мына балалар тоқтаған көліктерге жарамазан айтып жүр
20:18. Республика даңғылы мен Бейбітшілік көшесінің қиылысы
20:20
20:20
20:23. Байтұрсынов және Іляев көшелерінің қиылысы
20:25. Байтұрсынов және Желтоқсан көшелерінің қиылысы
20:25. Мұз сарайы
20:28. Байтұрсынов және Мәделі қожа көшелерінің қиылысы

***

20:31. Төреқұлов көшесі. Батып бара жатқан күннің сәулесі әлі де болса жарық
20:40. Қонаев даңғылы
20:40. Рысқұлов даңғылы мен Дулати көшесінің қиылысы
20:44. Әл Фараби алаңы
20:42. Тәуке хан даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысы
20:52
20:53

***

20:56. Наурыз алаңы. Қалалықтар қыдырып жүр
21:00. Шымкенттің оңтүстік-батыс жағы. Көк шатырлы ғимарат — Риксос қонақ үйі
21:00. Күн ұясына қонып барады
21:02. Кешкі қала

***

21:04. Бәйдібек би ескерткішіне қайта оралайық…
21:06
Адам көп

Сөйтсек, Шымкенттің танымал болып үлгерген 2 қабатты автобусы серуендеушілерімен келіп қалыпты
Жүргізуші қайтуға дайындалып, жолаушыларды жинауда
21:09
21:09. Батыс жақ қараңғыланып келеді
21:12. Серуен автобусы қалаға қайтты

***

21:11. Төреқұлов көшесіндегі көпір
21:11
21:17
21:10. Ал бүгін кеше шыққан үйден де биік үйге шығудың сәті түсті
21:10. Кеше анау тұрған қос үйдің біріне шыққан едім
21:29. Қаланың батыс бөлігі
21:30
21:31. Кеш толық түсті

***

Осы тұста аздап шегініс жасап, Шымкенттегі ең басты көшелердің біріне қайта оралсақ. Кешкі шам қаншада жағылатыны қызық болды маған. Себебі, бір күні кешке велосипедпен кетіп бара жатқанда жарық бірден қосылып, күндіз түнгі уақытқа «ауысты». Соның уақытын анықтау үшін Қонаев даңғылында жарты сағаттай күттім.

20:58. Қонаев даңғылы. Көше шамы әлі жанған жоқ
Сынап бағанасы — +32
21:23
1 градус қана төмендеді
21:26: Жарық жанды!
21:30. Schymkent Buss кері қайтып барады
«Сәлем!»
Менің қара-күрең «тұлпарым» 🙂

***

21:14. Қонаев даңғылы
21:14

***

21:20. Міне, кеш түсті. Ымырт деген — осы
21:27. Батыс қою қараңғылыққа бөленді
21:28
21:39. Күн батты
Ертең көріскенше!

P.S.:

Қала тіршілігінен қызықтырған тағы бір мәселе — жолаушылар автобусының қаншаға дейін жүретіні. Әрине, барлығына қатысты емес. Әңгіме «Green bus» компаниясының автобустары жайлы. Оның ішінде № 27 және 35 бағыттағы автобустардың басқа бағыттармен салыстырғанда ең соңғы болып тоқтайтынын білеміз. Осы мақсатта қаланың орталық тұсы саналатын Байтұрсынов көшесіндегі «Баян сұлу» аялдамасына барып, ең соңғы болып өтетін автобустарды күттім.

21:35. Баян сұлу аялдамасы
21:38. Тәуке хан даңғылы жақтан №35 бағыттағы автобус келіп тоқтады
21:42. Оған жауап ретінде қарсы бағытта №27 автобус кетті
21:45.

Осымен автобустар тоқтаған шығар деп отырғам. Себебі, екі жақтан да көрінбеді. Бірақ…

21:53. Рекорд! Соңғы болып өткен №35 автобус
Смартфон экранынан скриншот 😉

Жасай бер, Шымкент!