22 наурыз — жыл басы. Сол күні түн мен күн теңеседі. Одан ары қарай күн біртіндеп ұзара береді. Содан 22 маусым күні ең ұзақ шегіне жетеді. Осылайша 22 маусым Солтүстік жарты шардағы ең ұзақ күн саналады. Бұл күні тәуліктің жарық мерзімі барынша ұзақ болады.
22 маусым күні сағат 05:10-да таң атады. Күн 05:45-те шығып, 21:02-де батады. Бірақ, қараңғылық сағат 22-ден кейін түседі. Осылайша жарық мезгілдің ұзақтығы — 15 сағат 16 минут. Ендеше, жылдың осы ең ұзақ күні Шымкентте қалай өтті? Фотосуреттер сөйлесін!
Таң қараңғысында тұрып, Бәйдібек би ескерткішіне келдім. Қаланың ең биік жері осы. Әрі шығыс көкжиек те анық көрінуі тиіс.
Алғашқы фотодан қаланың үсті әлі қараңғы екенін көруге болады. Дегенмен, аспан ашылып келеді.
Сағат 05:13
Ал батыс жаққа қарасақ, әлі түнге ұқсайды.
Сағат 05:1405:19. Шығыс жақ ағарып келеді05:20. Солтүстік көкжиек05:2405:26
Бәйдібек би ескерткішінің жанында бір топ жас жүр екен. Атқан таңды қарсы алуға келген мектеп түлектері.
06:11. Шымкенттің оңтүстік жағы. Қаладағы ең биік ғимараттан түсірілген фото06:11. Күн шығып келеді06:12
***
06:39. Шымкенттің қақ ортасы әлі тыныш. Тәуке хан даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысы06:3906:4006:4306:43. Жұмысшылар автобусы мен тазалықшы апай06:44
***
06:50. Рысқұлов даңғылы. Алғашқы автобустардың бірі жолға шықты. №92 бағыт07:11. Келесі автобусқа үлгердім07:14. Самал базары. Күзетшіден басқа әлі ешкім жоқ07:15. Мына таксист ерте келіп, бірінші кезекті алыпты07:16. Қарсы беттегі аялдама әлі тып-тыныш деуге болады
***
Сонымен, сағат 1 шамасы. Күн әбден ысып, күшіне мінген. Дегенмен, шаһар тіршілігі бір сәтке де толастаған емес.
13:43. Байтұрсынов және Мәделі қожа көшелерінің қиылысы13:59. Қонаев даңғылы13:5916:54. Тәуке хан даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысы16:5416:5516:59. Орталық әмбебап дүкен жанындағы субұрқақ16:5917:0317:04. Тәуке хан және Қонаев даңғылдарының қиылысы17:05. Дайындал…17:05. Кеттік!17:05. Кезекті жас жұбайлар кортеджі17:0717:24. Оқушылар сарайындағы жазғы үйірмелер
20:11. Республика даңғылы мен Гагарин көшесінің қиылысы. Мына балалар тоқтаған көліктерге жарамазан айтып жүр20:18. Республика даңғылы мен Бейбітшілік көшесінің қиылысы20:2020:2020:23. Байтұрсынов және Іляев көшелерінің қиылысы20:25. Байтұрсынов және Желтоқсан көшелерінің қиылысы20:25. Мұз сарайы20:28. Байтұрсынов және Мәделі қожа көшелерінің қиылысы
***
20:31. Төреқұлов көшесі. Батып бара жатқан күннің сәулесі әлі де болса жарық20:40. Қонаев даңғылы20:40. Рысқұлов даңғылы мен Дулати көшесінің қиылысы20:44. Әл Фараби алаңы20:42. Тәуке хан даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысы20:5220:53
***
20:56. Наурыз алаңы. Қалалықтар қыдырып жүр21:00. Шымкенттің оңтүстік-батыс жағы. Көк шатырлы ғимарат — Риксос қонақ үйі21:00. Күн ұясына қонып барады21:02. Кешкі қала
***
21:04. Бәйдібек би ескерткішіне қайта оралайық…21:06Адам көп
Сөйтсек, Шымкенттің танымал болып үлгерген 2 қабатты автобусы серуендеушілерімен келіп қалыптыЖүргізуші қайтуға дайындалып, жолаушыларды жинауда21:0921:09. Батыс жақ қараңғыланып келеді21:12. Серуен автобусы қалаға қайтты
***
21:11. Төреқұлов көшесіндегі көпір21:1121:1721:10. Ал бүгін кеше шыққан үйден де биік үйге шығудың сәті түсті21:10. Кеше анау тұрған қос үйдің біріне шыққан едім21:29. Қаланың батыс бөлігі21:3021:31. Кеш толық түсті
***
Осы тұста аздап шегініс жасап, Шымкенттегі ең басты көшелердің біріне қайта оралсақ. Кешкі шам қаншада жағылатыны қызық болды маған. Себебі, бір күні кешке велосипедпен кетіп бара жатқанда жарық бірден қосылып, күндіз түнгі уақытқа «ауысты». Соның уақытын анықтау үшін Қонаев даңғылында жарты сағаттай күттім.
20:58. Қонаев даңғылы. Көше шамы әлі жанған жоқСынап бағанасы — +3221:231 градус қана төмендеді21:26: Жарық жанды!21:30. Schymkent Buss кері қайтып барады«Сәлем!»Менің қара-күрең «тұлпарым» 🙂
***
21:14. Қонаев даңғылы21:14
***
21:20. Міне, кеш түсті. Ымырт деген — осы21:27. Батыс қою қараңғылыққа бөленді21:2821:39. Күн баттыЕртең көріскенше!
P.S.:
Қала тіршілігінен қызықтырған тағы бір мәселе — жолаушылар автобусының қаншаға дейін жүретіні. Әрине, барлығына қатысты емес. Әңгіме «Green bus» компаниясының автобустары жайлы. Оның ішінде № 27 және 35 бағыттағы автобустардың басқа бағыттармен салыстырғанда ең соңғы болып тоқтайтынын білеміз. Осы мақсатта қаланың орталық тұсы саналатын Байтұрсынов көшесіндегі «Баян сұлу» аялдамасына барып, ең соңғы болып өтетін автобустарды күттім.
21:35. Баян сұлу аялдамасы21:38. Тәуке хан даңғылы жақтан №35 бағыттағы автобус келіп тоқтады21:42. Оған жауап ретінде қарсы бағытта №27 автобус кетті21:45.
Осымен автобустар тоқтаған шығар деп отырғам. Себебі, екі жақтан да көрінбеді. Бірақ…
21:53. Рекорд! Соңғы болып өткен №35 автобусСмартфон экранынан скриншот 😉