Шымкентте конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті

971
Шымкентте конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Бүгін облыстық орыс драма театрының ғимаратында Қазақстан Республикасының конституциясы мерекесіне арналған «Айбары асқақ ата заң» салтанатты іс-шарасы өтті. Жиналған қауым «Ата заң — азаттықтың айғағы», «Тәуелсіздіктің тұғыры» атты сахналық көрініс және шығармашылық ұжым әзірлеген концерттік бағдарламаны тамашалады. Айта кетейік, мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған Коституциямыздың қабылдағанына биыл 22 жыл толып отыр.

Мерекелік жиында облыс әкімі жеткен жетістігімізді саралап, оңтүстікқазақстандықтарды мерекемен құттықтады. Бұған қоса өңіріміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан азамттарға грамота мен алғыс хаттарын табыс етті. Марапатталғандардың арасында білім, медицина, әлеуметтік, құқық саласының қызметкерлері бар.

30 тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған ата заң мемлекет пен қоғамдағы барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Бұл жаңашылдықтарға азаматтар куә.