Шымкентте жалдамалы пәтерден ер кісінің мәйіті табылды

326
Шымкентте жалдамалы пәтерден ер кісінің мәйіті табылды

Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінен ер кісінің мәйіті табылды. Бұл туралы суыт хабар полицияға түнгі сағат 10 шамасында түскен.

Қайғылы жағдай Түркістан көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Алдын ала болжам бойынша, марқұм спирттік ішімдік ішкен болуы мүмкін. Көршілері  осылай дейді. Сондай-ақ, ер кісінің мәйіті пәтерде бір апта жатып қалған болуы мүмкін. Өйткені полицейлерге хабар берген көршілер пәтерден сасық иіс шықты деп хабарлаған.

«Марқұм кісі жалдамалы пәтерде жалғыз өзі тұрған. Бала-шағасы болғанмен, арақ ішетіні үшін бала-шағасы жақтырмайтын, үйіне келмейтін. Араласпайтын. Бұл кісіні соңғы рет бір апта бұрын көрдім. Пәтерінен шықпай, тым-тырыс болып қалғанда уайымдап қалдық» дейді көршісі.

Қазір құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын бастап кетті. Ал пәтерден табылған ер кісінің денесі мәйітханаға жіберілді.