Бір қиылыстың өзгеруі НЕМЕСЕ Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

712
Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкент. Жаз. Жұмыстан кештеу шығып, үйге қайтып бара жатқанмын. Түркістан көшесі мен Бауыржан Момышұлы даңғылының қиылысы, Әл Фараби алаңына жеткенде алдымнан мынадай көрініс шықты:

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Жаяу жүргіншілер өткелінде жұмыс қызып жатыр. Жұмысшылар асфальттың үстіне сызылған сары және ақ жалпақ жолақты қырып, алып тастауда.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Сәл тоқтап, қарап тұрдым да, үйге қайтып кеттім. Бірақ, осы жұмысшылардың еңбегін бастан-аяқ көріп, мақала ретінде жазсам деген ой келді. Оның үстіне қарапайым қала тұрғыны ретінде күнделікті өзіміз өтіп жүрген жолақтың қалай өзгеретіні де қызықтырып барады. Содан тамақтанып алған соң велосипедіме мініп, Әл Фараби алаңына қайтадан келдім. Бригада бұл кезде демалып отыр екен. Амандасып, жұмыстары туралы жазып, суретке түсіруге бола ма деп сұрадым. «Егер жамандап жазбасаң, болады» деп күлді. Таныстығымыз осылай басталды. Түнгі сағат 12:15. Ендеше, кеттік!

Негізі, Бауыржан Момышұлы даңғылы мен Түркістан көшесінің қиылысында біраз уақытқа дейін бағдаршам болмаған. Сондықтан, жаяу жүргіншілерге арналып мұнда жалпақ жолақ сызылды. Кәдімгі, бағдаршам жоқ жерде тұратын ақ-сары жолақ.

Кез келген сәтте жолаушы аттап, жүре бастаса болды, жүргізушілер тоқтап, өткізіп жіберетін жолақ. Көріп тұрғанымыздай, аздап тоза бастаған. Мұнда сызылғанына біраз уақыт өтсе керек.

Енді жұмысшылар бригадасы осы жолақты қырып, алып тастауда.

Мына аппарат асфальттың бетіндегі пластикті қырып, босатады. Шыққан қоқымды қалған екі жұмысшы сыпырып, шелекке салып, Газельдің бортына жинап жатыр.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Қауіпсіздік үшін жұмыс кезінде қолданылатын арнайы белгілерді қою да ұмытылған жоқ.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Бұл уақытта көлік қозғалысы тоқтаған жоқ. Тек Бауыржан Момышұлы даңғылы мен Түркістан көшесінен келіп, Әл Фараби алаңына бұрылған көліктер бір жолақпен жүруде. Әзірге осылай қысылып-қымтырылуға тура келеді. Себебі, жұмыс та істелуі керек, көлік қозғалысы да тоқтамауы тиіс.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Осы тұста «Жүргізушілер мұндай қолайсыздыққа қалай қарайды» деген сұрақ туындайды.

— Көбісі түсініктікпен қарайды. Дегенмен, арасында терезеден басып шығарып, сөйлеп кететіндері бар. Кейбіреуі, тіпті, боқтап кетеді. Қайсыбіріне назар аударасың. Үйреніп те қалдық. Басқа уақытта істемейсіңдер ме дейді. Ау, күндіз қозғалыс көп. Түнде істемегенде қай уақытта істейміз сонда?!.

Ең басты сұрақ — неліктен бұл жолақ алынып тасталады? Сөйтсек, барлығы жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін екен. Бұл жолақтың жаяу жүргіншілерге арналғанын жоғарыда айтып кеттік. Бағдаршам жоқ жерде де көшеден осы жолақ арқылы өтіп жүрген жаяу жүргіншілер бұл қиылысқа бағдаршам орнатылып, жұмыс істеп тұрса да бұрынғы әдетпен кете беретін көрінеді. Яғни, жүргізушілерге жасыл, өздеріне қызыл түс жанып тұрса да жолға қойып кететін қалалықтар бар.

Ондай кезде көліктер амалсыздан тоқтап, бір-біріне кедергі жасап жатады. Тіпті, жаяу адамды қағып та кетуі мүмкін. Осындай жағдайға куә болған көлік жүргізушілері бірнеше рет полицияға шағымданыпты. Ал тәртіп сақшылары өз кезегінде жағдайды қалалық әкімдікке жеткізген. Сонымен, қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің шешімімен бұл қиылыстағы жалпақ ақ-сары жолақ өшіріліп, орнына кәдімгі бағдаршам жолағы сызылатын болды.

Ал осы бригаданың айтуынша, Шымкентте мұндай жұмыстарды «Южный конкурент» ЖШС атқарады екен. Бұрынғы «ДорСтрой» компаниясы. 2008 жылы құрылған. Бұл бригаданың құрамында бүгін үш адам жұмыс істеп жүр: Қасымхан Төлендиев (бригадир), Ерболат Лесбаев және Ерғали Алдашев.

Жұмысты қашан аяқтауларыңыз керек деп сұрағанымда, таң атқанша бітіргеніміз дұрыс деп жауап берді. Себебі, таңертең көлік қозғалысы жиілей түседі. Сонымен, бір сағаттай қастарында отырған соң үйге қайттым. Телефон нөмірлерін алып, таңға жуық хабарласатын болып шештік. Жұмыстың негізгісі сол кезде атқарылады екен.

…Таңға жуық хабарласып едім, басқа нысанға кетіп қалғандарын, бұл қиылысты келесі түні аяқтайтындарын айтты…

Ертеңіне түнде смартфонымдағы оятқыш таңғы 4-те оятты. Жұмыс аяқталатын кезіне жақын барайын деп шешкенмін кеше. Таныс қиылысқа ұшып жетсем, жұмыс қызып жатыр. Мені көріп, бір-біріне «Келді ғой!» деп күліп, қауқылдасып қалды. Бүгін қиылыстағы жолақтың Түркістан көшесі жағы қырылып жатыр екен.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Бұл жолы кәсіби фотоаппарат ала келген едім. Енді суреттер сапалырақ болады 🙂

Мынау — жолақтың кеше түнде қырылған бөлігі.

Бүгін бригадаға Женя деген жас жігіт қосылыпты. «Старший» Қасымхан ағаның қасында сыпырып жүр.

Біраздан кейін дарылдақ аппарат тоқтады. Әр жарты сағат сайын «демалып» тұруы тиіс екен. Әйтпесе қызып кетеді. Оның үстіне қырылмаған 3-4 қатар жолақты ертең келіп алып тастаймыз деп шешті бригада. Себебі, негізгі жолақты бүгін сызып кету керек. Таң да жақындап қалды. Сағат — 04:02

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Осылайша Ерболат пен Ерғали жаңа жолақ сызуға дайындықты бастап кетті. Ол үшін алдымен көлік қозғалысын тоқтату керек. Сызықты алдымен қиылыстың Түркістан көшесі жақ бетінен бастайтын болғандықтан, Әл Фараби алаңы жақтан, «Шымкент Плаза» орталығынан келе жатқан көліктердің алдына жол белгілері қойыла бастады.

Жолақ сызылып біткенше Әл Фараби алаңынан келген көліктер жолдың қарсы бетімен жүре тұрады.

Бұдан кейін жолақ сызылатын жер мұқият тазаланды. Ерболат шағын моторды оталдыруда.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Ерғали мен Женя жолақ сызылатын жерге скочт жапсыруды бастады. Қағаз жапсырманың пайдасы тиетін кезі — осы.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Скотчты үзіп алмай жапсыру керек дейді мамандар.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Алдымен көліктер бағдаршамға келіп тоқтайтын сызық сызылады. Стоп-сызық. Ал скотч жолақтың пластигі сызықтан шығып кетпеу үшін керек екенін өздеріңіз де сезіп отырған боларсыздар.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Осы тұста айта кетейік, жолаққа бояу емес, екі компонентті салқын пластик жағылады екен. Яғни, құрамында екі зат бар — ұнтақ пен қатырғыш. «Гуглдан» көрсең болады» деп күлді лаборант Ерболат. Міне, мына шелектерде дайындалады. Мотордың тоғы осы үшін керек — дрельмен арастыруға.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Ал бұл кезде Қасымхан аға пластик жағылатын жерді тағы бір сыпырып шықты.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Содан кейін Ерболат шелектегі дайын сұйық пластикті құйып кетті, ал Қасекең жалпақ шпатльмен жайып барады.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Кәдімгі қаймақ сияқты 🙂

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Пластиктің беті қатпай жатып Женя әлдебір ұнтақты себе бастады. Сөйтсек, ол түнде жарық түскенде сәулені кері қайтаратын ұнтақ екен (отражатель).

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Міне, жолақ сызылып бітті. Енді кепкенін күту керек. Шамамен 15-20 минут дейді Ерғали.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Енді жаяу жүргіншілердің жолағын сызуға кірісу керек. Қасымхан аға скотчтың ұшын іздеуде.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Негізі, бұл бригадада өлшемдер үшін Қасымхан аға жауап береді екен.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Скочт көп қажет болады. Көп.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Ал бұл кезде Ерболат бастапқы сызылған жолақтың скотчын алуда. Пластик кеуіп те қалыпты.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Бригаданың әр мүшесінің өз міндеті бар.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Күн әлі шыққан жоқ, бірақ аспан ашылып қалды.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Міне, алғашқы жаяу жүргіншілер. Жұмысқа бара жатыр немесе қайтып келеді.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Соңғы дайындық…

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Мына бөліктердің ұзындауы боялып, қысқасы ашық қалдырылады.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Кеттік. Ерболат пластикті құйып, Қасекең оны тегістеп-жайып, Женя жылтырақ сеуіп барады.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Бұл уақытта Пазик автобусы бір топ жұмысшыны ауысымға алып кетіп барады.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Енді жолақтың келесі беті сызылуда.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Айтпақшы, пластик кепкенше «дарылдақ» аппаратпен таныстыра отырайын — «Бобр» демаркирующий». Мықты құрал. Қатып қалған пластигіңді «жеп» тастайды.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Сонымен, 15 минут та өтіп кетті. Ерғали кепкен пластиктің скотчын жинай бастады.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Одан кейін жолақтардың арасындағы пластиктің тамып кеткен, артық шыққан тұстарын темір щеткамен қырып, тазалау керек.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Ал Қасымхан аға жолдың бітіп қалған бөлігін суретке түсіріп, басшыларға ватцаппен жіберуде.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Сонымен, жолдың бұл бөлігіндегі жұмыс толық бітті деуге болады. Ендеше, белгілер алынып, келесі бөлікке қойылады. Енді көліктер осы жақпен жүре тұрады.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Қайтадан скотч тарту.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Мына жерде Ерболаттың скотчының бір шетін мен басып, көмектестім деп қояйын 🙂

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Қасекең зырылдатып, бөліктердің орнын өлшеп, сызып барады.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Жұмыстың көбі кетіп, азы қалды.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Пластик қыста 20 минут, ал күн жылыда 12-15 минутта кеуіп үлгереді дейді бригада мүшелері.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Ерболат Лесбаев — «Южный конкурент» компаниясының жетекші лаборанты. Арнайы оқуын бітірген. Пластик жағылған жолақтың дұрыс кепкенін анықтауға осы маман жауапты.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Сол үшін жолақтың бетін сипап, тексеріп жүр.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

«Ерболатты Астанадағы компаниялар жұмысқа шақырған» дейді әріптесі Ерғали сыбырлап. Бірақ, туған жерімді, үйреніскен жұмыс орнымды тастамаймын депті.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Сонымен, жұмыс бітті! Жолақ та дайын. Таңғы сағат 5:22.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Таныс болыңыздар: Қасымхан аға, Женя, Ерғали және Ерболат. Қаладағы өзіміз күнделікті өтіп жүрген жолақты осы азаматтар сызады.

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

Әрине, селфисіз бола ма 😉

Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қалай сызылды

p.s. Бұл бригада негізінен түнде жұмыс істейді. Сөйтіп, таңертең үйлеріне қайтып, демалады. Бірақ, «Қанша дегенмен күндізгі ұйқы — ұйқы болып жарытпайды» дейді Ерғали. Ал Шымкентте үлкен басшылар келетін кезде немесе мерекелер қарсаңында жұмыс көбейіп кететінін айтады. Ондай кезде күндіз кеңседегі арнайы кабинетте 2 сағат демалып алып, қайта жұмысқа шығамыз дейді.

Ендеше, Шымшаһардың көркеюі үшін атсалысып жүрген аға-әпкелердің еңбегін құрметтеп, біз де өз үлесімізді қосайық. Жасай бер, Шымкент!