Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының қызметкерлері халықаралық жоба негізінде білім алуда. Германия, Словакия және Чехия елінен келген профессорлар оқу ордасында Эразмус+ бағдарламасы бойынша семинар өткізуде. Аталмыш бағдарлама жетекші елдердің 2020 жылға дейінгі әлеуметтік бағыттағы түрлі жобаны жүзеге асыруға арналған.
Erasmus+ бағдарламасы — бұл Еуропалық Одақтың жаңа жүйесі . Бағдарламаның бағыты жобаларды қолдау, академиялық ұтқырлық және білім беру, оқыту, спорт пен жастар саясатына арналған. Шымкент қаласындағы фармацефтика академиясының қызметкерлері аталған бағдарлама бойынша білімін жетілдіруде. Оларға Германия, Словакия және Чехия елінен келген професорлар дәріс беруде.
Клаус Хансген, «Лейпциг» техникалық уневерситетінің профессоры: «Біз университетте бұл бағдарламаның техникалық жағынан жұмыс істейміз. Бізде көпсалалы оқу орындары көп болғанмен, техникалық саласына көп көңіл бөлеміз. Сондай-ақ, электоронды жүйесіне аса мән береміз. Ал, Қазақстанға бағдарламаның медициналық бағытын түсіндірдік. Біз қазақстандық әріптестермен бірлесе жұмыс жасағанымызға қуаныштымыз. Ары қарай байланысымз арта түсетініне сенімдіміз», — деді.
Германиялық профессор айтқандай, Эразмус+ бағдарламасы әлемнің жетекші елдерінде көбіне техникалық саланы жандандырып келеді. Бағдарламаға біздің елден 61 жоғары оқу орны қатысуда. Оның үшеуі Оңтүстік қазақстан облысының білім ордасы. Жаңа жүйені игеру үшін арнайы конкурс жарияланған. Конкурсқа түрлі саладағы жоба бойынша университет оқушылары қатыса алады. Тың идеяны жүзе асыру үшін Еуропалық одақтан үш жылға млн еуроға жуық қаржы беріледі.
Шайзада Тасбалотова, «Эразмус+ » бағдарламасының Қазақстандағы үйлестірушісі: «Біздің оқытушылардың, студенттердің кәсіптік деңгейін көтереді. Олар Еуропадан үйренеді. Бұл екі жақты бағдарлама. Көбінесе Еуропадан келіп жатқан тәжірбие. Қызығушылық деген керемет. Бірақ, барлығы қатыса алмайтын шығар. Мемлекеттік жоғары оқу орындары ғана қатысып жатыр!», — деді.
Айта кетейік, бұл бағдарлама аясында кез-келген уневерситеттің мұғалімі немесе шәкірті конкурсқа қатысып, жаңа жобасын қаржыландыруға мүмкіндік алады. Толығырақ ақпаратты ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭРАЗМУС+ ҰЛТТЫҚ КЕҢСЕСІнен білуге болады.