Шәкіртіне батырлар жырын жаттатқан ұстаз темір тұлпар мінді

656

«Жақсылар, дастан айтайын…» Облыста алғаш рет батырлар жырын жатқа айтудан байқау ұйымдастырылды. Оған ұйытқы болған Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газеті мен облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы. 

Жас жыршылардың алғашқы додасында   Оңтүстіктің ғана емес, қазақтың абызы — Әдіһам Шілтерханов атамыз бата беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Үш кезеңнен тұрған жыршылардың тұңғыш байқауына 52 үміткер қатысты. Олардың барлығы бұған дейін өз аудан-қалаларында өткен жыр додасының жеңімпаздары атанған.  «Қамбар батыр» жырын жатқа білетін оқушылардың ең жасы төртінші сынып оқушысы. Ол батырдың жырын үш ай уақытта жаттаған.

Қазақ тарихын жырға жазып кеткен халық. Батыры көп елдің кейінгі ұрпағы да есті. Мұны байқаудың алғашқы кезеңінде-ақ көзге түсен ұрандар дәлелдеп бақты. Бірі нақышына ке л т ірі п «Қамбар батыр» жырын оқыса, енді бірі домбырамен үлестіреді. Әр қатысушы тыңғылықты дайындықпен келгенімен қазылардың қатаң сынына ұшырады. Жыодың кез-келген жерінен үзінді оқып, шатастырды да. Десе де батырдың жырын жаңылмай айтып, сүрінбей шыққандары көп болды.

Жас жыршыларды қатаң бағалаған қазылар, таудан талап қоймады. Әрбір қатысушыға шабыт беріп отырды. 52 үміткердің тең жартысы екінші кезеңге өтіп, сұрақ-жауапқа қатысса, сурылып шыққан 12-сі ақтық сында бақ сынады. Нәтижесінде Түркістандық шәкірт Гүлжайна Ержігітова жеңіп алып, ұстазына темір тұлпар мінгізді.

Гүлжайна Ержігітова, жеңімпаз: «Мен «Қамбар батыр» жырын үш ай жаттадым. Алғашқысында қиын болды. Кейін қайта-қайта оқи келе, тілім үйреніп, тез жаттап алдым. Ұстазымның талапшылдығы топты жарғызды. Сол кісінің арқасында бәйгеде оза шауып, өз әдебиетімінің мәртебесін көтергенімен қуаныштымын. Байқау әділ өтті. Қатысушылар да кілең мықтылар. Ойламаған жерде ба жүлдеге ие болып, қуанып жатырмын.  Айтпақшы,  біздің үйде «Оңтүстік Қазақстан» газеті үзілмейді. Сүйікті басылымға айналған. Енді міне, өзім оқитын газет ұйымдастырған додада   ж еңім п а з атандым. Ұйымдастырушыларға үлкен алғыс!»

Майра Назарбекова, Түркістан қаласы №19 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: «Өте қуаныштымын! Шәкіртім, мен ойлағаннан артық өнер көрсетті. Төбем көкке жетпей тұр. Еңбектің еленгені деген осы екен! Гүлжайна өте зерек оқушы. Мектептің белсендісі, қоғамдық жұмыстарға араласа жүре, сабағында да үздік. Мен осы байқау туралы газеттен оқып, айтқаным да бірден қатысуға ниет етті. Апай уақыт берсеңіз, жаттап аламын деп, бірден кірісіп кетті. Зеректігі болар, берілген тапсырманы бұлжытпай орындап, үздік орындап, жеңімпаз атанды. Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мәртебесін көтеріп, ұстазын ұлықтаған басылым ұжымына мың алғыс!»

ӘРбір қатысушы алғыс хатпен марапатталды, үшінші , екінші бірінші орын иегерлері демеушілердің қомақты сыйлығына ие болды. Батырлар жырындағы елге деген сүйіспеншілік, ата-анаға деген құрметті әрбір көрермен ұғына тарқасты.