Шымкентте «Құқық қорғау қызметтер орталығы» ашылады

376

Есірткіге қарсы күресте ұйымдасқан қылмыстық топтарды құрықтауда облыстың полицейлері дәрменсіз. Жалпы алғанда есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы құқық бұзушылықтар саны жыл сайын азаюда. Бұл туралы облыстық прокуратура жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісінде айтылды.

Прокуратура бастамасымен Шымкентте қазан айында «құқық қорғау қызметтер орталығы» ашылады. 11 мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері орталықта 22 түрлі қызмет көрсететін болады. Бұл туралы Үйлестіру кеңесі жұмысының нәтижесімен бөліскен облыс прокурорының орынбасарлары мәлімдеді.

Есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Оңтүстіктің 10 полицейінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Оның жетеуін өзіндік қауіпсіздік қызметі құрықтаған. Тәртіп сақшылары есірткімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтауда да осалдық танытып отыр. Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен үйлестіру кеңесінде айтылып, нақты тапсырмалар берілді.