Шымкентте полицейден таяқ жеген бойжеткен қамауға алынды

587
Арман Бейсенбаев
Арман Бейсенбаев, Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының бастығы

Шымкентте полицейден таяқ жеген қыздың өзі қамалды. Бойжеткенді ұрып құлатқан полицейдің видеосы әлеуметтік желіні кешелі бері шулатып жатыр.

Қала орталығында орналасқан дәмхана алдында полицейдің екі бойжеткенді сүйреп, көлікке кіргізе алмай жүргені анық түскен. Кенет полицейдің бірі жас қызды ішінен ұрып жібереді. Соққыдан бойжеткен бүгіліп құлап түскен кезде дәмханадағы даяшылар мен кездейсоқ өтіп бара жатқандар ғана көмекке келді.

Осы іске қатысты брифинг ұйымдастырған ішкі істер басқармасының өкілдері оқиға орнында белгісіз тұлғалардан құралған топ мүшелері билік өкілдерінің заңды талаптарын орындамаған дегенді айтты. Олар жол-патрульді полкінің экипаж қызметкерлеріне бағынбаған. Заңбұзушылар полицейлердің погонын жұлып, жыртып тастаған, оған кафе жанында орналасқан бейнебақылау камераларындағы бейнежазбалар дәлел бола алады дейді полицейлер.Полицейлердің жедел іс-шараларының жүргізу барысында екі күдікті ұсталды. Қазір олар қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.