«Тұрғын үй құрылысы Жинақ Банкі» өтініш қабылдауды бастады

516

Баспаналы болуға тағы бір мүмкіндік. Бүгін Шымкентте Қазақстан «Тұрғын үй құрылысы Жинақ Банкі» облыстық филиалы 558 пәтерге өтініш қабылдауды бастады. Үйлер әкімшілік кезегінде тұрған тұрғындар мен Банк салымшыларына теңдей бөлінеді дейді филиал өкілдері.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғызылған үйлер баспанаға мұқтаждар тізіміндегілер мен салымшыларға беріледі. Өтініштерді үйде отырып-ақ Банктің сайтына жіберуге болады. Үйге үміткер және бірге тұратын отбасы мүшелерінің елімізде соңғы 5 жылда жылжымайтын мүлкі болмауы шарт дейді банк өкілдері. Қолжетімді бағада ұсынылып отырған 1,2,3 бөлмелі пәтерлер жайлылығы жағынан 3-классқа жатқызылған.

Әкімшілік-іскерлік орталықтағы 9 қабатты 50 пәтерлі монолитті баспана өндірістік кестеге сай тұп-тура екі айдан кейін тапсырылады. Айта кетейік, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл Шымкентте 11 үй және 8 коммуналды баспана ел игілігіне табысталады деп күтілуде. Салаға жауаптылар биылдан бастап мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан баспаналардың сапасына қадағалау әдеттегіден күшейтіліп отыр деп сендіреді.

Айта кетейік, дауыс беру 8 қазанға дейін жалғасады.Дауыс беру қортындысы бойынша сатып алушылар пулына кірген салымшыларға үйдің бағасының 30 пайызын жинаған жағдайда алдын-ала тұрғын үй займы және аралық тұрғын үй займы беріледі.