Құтқарушылар жылу құралдарын тексеруде

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстанда улы газдан 14 адам қаза болып, 33 зардап шеккен. Осындай олқылықты ескерген жауаптылар жылыту маусымына дайындықтарын пысықтап жатыр. Бүгін Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы топ көпқабатты үйдегі жылыту қазандықтары мен автономды жүйені біртіндеп тексеруге кірісті.

Еңбекші ауданы әкімдігінің өкілдері бастаған топтың құрамында қалалық төтенше жағдайлар басқармасы және газ шаруашылығының мамандары бар. Олар алдымен Теріскей шағынауданындағы көпқабатты үйлерді аралады. Рейд барысында пәтер иелеріне газ құрылғыларды пайдалану жөнінде талаптар түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.

Құтқарушылар жылу құралдарын тексеруде

Сондай-ақ, іс шара барысында дербес жылу қондырғыларына рұқсат құжаттарының бары тексерілді. Ал тұрғындар мүмкіндікті пайдаланып жылытқыш құрылғылардың орнатылуы және оны қолдану жөнінде мәліметтер алды.

Иіс газының таралуына дербес жылу қондырғыларының талапқа сәйкес орнатылмауы, желдеткіштің жұмыс істемеуі себеп болады дейді газ шаруашылығының маманы. Сондықтан мамандарға жіті тексертіп, қайғылы оқиғалардың алдын алған жөн.

Құтқарушылар жылу құралдарын тексеруде

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары аясында Еңбекші ауданы әкімдігінің мамандары тұрғындарға қаіпсіздік шаралары жайлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, көрінетін жерге ескерту қағаздарын да жапсырды. Рейдтік шара барысында есіктерін ашпай, түсіністік танытпағандарға әкімдік өкілдерінің айтары бар.

Еңбекші ауданында 600 жуық көпқабатты үй бар. Арнайы топ орталық жылу жүйесіне қосылған үйлер мен дербес жылу қондырғылары бар пәтерлердің барлығын тексеріп шығамыз дейді.