Бүгін Шымкент қаласындағы Әл Фараби аудандық сотының жаңа төрағасы таныстырылды. Қазақстан Президентінің 20 қазандағы жарлығымен Жексембиев Нүркен Жақыпұлы Әл Фараби аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін осы қызметті атқарған Бекназаров Маратәлі Өсербайұлы Елбасының аталған жарлығымен Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды.

ОҚО сотының төрағасы міндетін атқарушы Зияддин Пірнияз ұжымға, Әл Фараби ауданы әкіміне, аудандық прокурор мен полиция бөлімі басшысына, аудандық заңгерлер консультациясына жаңа төраға Жексембиевті таныстырды.