Бүгін Шымкентте травматологтардың халықаралық ғылыми конференциясы басталды. Оған еліміз бен шет мемлекеттерден 150-дей дәрігер қатысуда. Алқалы жиынға Ресей, Бельгия, Польша,Германия, Қырғыстан,Сербия және Өзбекстан елінен арнайы травматолог шақырылған. Әлемнің үздік дәрігерлері бұл бас қосуда өздерінің тәжірбиелерін ортаға салып, жаңа медеу тәсілдерімен бөлісті.
Айта кетейік, қазақстанда жүрек қан тамыр және қатерлік ікстен кейін жарақат ауруы үшінші орында тұр. Мұндай дерттің көбеюі тікелей жол көлік апатымен байланысты дейді мамандар. Мәселен, жыл сайын қазақстанда көлік апатынан 2300 адам көз жұмса, 23 мыңдайы жарақат алады екен.
Болат Түкежанов, ҚР денсаулық сақтау министрінің жауапты хатшысы «Өкінішке қарай, Оңтүстік Қазақстан облысы республикада көлік апатынан қаза болғандар арасында көш бастап тұр. Тағы бір мәселе жарақатты емдейтін дәрігерлердің тапшылығында. Нақтырақ айтқанда, травматолог дәрігер тапшы бізде. Осы конференция біздің дәрігерлердің білікітігін арттырады деген ойдамын. Проблеманы шешу үшін шет елдік әріптестермен бірлесіп жұмыс жасап, біліктілтілікті арттыруымыз керек. »
Халықаралық конференция бесі мен алтыншы қазан аралығында өтеді. Екі күн бойы қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған ортопедттер халықыралық стандартқа сай медициналық көмек көрсерту әдістерін үйренбек.