Түркістан қаласында екі алаяқтық дерегі тіркелді. Түркістан ҚІІБ-не 1989 жылы туған азаматшадан шағым түскен. Шағымда 1983 жылы туған сеніміне кірген бөгде біреу «жұмысқа орналастырып беремін» деген жалған уәдемен жәбірленушінің 400 мың теңгесін алған. Сан соғып қалған жәбірленушіні алдап сол күйі хабарласпай кеткен.
Екінші дерек бойынша 1996 жылы туған азамат шағымданған. Жәбірленушіге » жедел жәрдем» бекетіне жүргізуші етіп орналастырып беремін» деген уәдесін айтып, 700 мың теңгесін күдікті азаматша алып кеткен. Енді ақшасын қайтара алмай әлек. Аталған екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Прокурорлар бөгде кісіге сенім артып, алданып қалудан сақ болуға шақырады.