«Еркіндігім — елдігім». Күнгейде осындай тақырыппен тұңғыш рет республикалық ән байқауы басталды. Өнер жарысы ақын-сазгер, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығыны иегері Исраил Сапарбайдың шығармашылығын насихаттау үшін қолға алынған. Қаламгердің 75 жылдық мерейтойыының құрметіне орай өрбіген таланттар тартысы жоғары деңгейде өтті.
Сандуғаш Бекболат — «Еркіндігім елдігім» республикалық ән байқауының үміткері. Сайыста Созақ ауданының намысын қорғайтын сұлу сахна төрінде тосылған жоқ. Қаламгердің өзі әні мен сөзін жазған туындысы — «Анаға сағышын» шығармасын орындап, көптің құрметіне бөленді.
«Еркіндігім елдігім» респуликалық ән байқауы — Оңтүстікте алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Өнер жарысы ақын-сазгер, драматург, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері, Исраил Сапарбайдың шығармашылығын насихаттау үшін қолға алынған. Таланттар тартысын бағалауға өнердегі әріптестері де қазылыққа арнайы шақырылыпты. Ұйымдастырушы тараптың айтуынша, айтулы сайыс 3 кезеңнен құралған. Яғни, 18-35 жас аралығындағы үмткерлер азаматтық-патриоттық, балалар әндері, махаббат лирикасы, романс сынды түрлі жанрдағы тек автордың әндерін фольклорлық немесе эстрадалық бағытта ұсынуы қажет. Мұндай шартты қаламгердің өзі қойып отыр.
Айта өтейік, республикалық байқауға күнгейлік таланттармен қоса, Алматы, Қызылорда, Атырау сынды өзге де өңірлерден 45 үміткер қатысып, 18-і екінші кезеңге жолдама алған. Ал сайыс ертең, 6-шы қазан күні мәресіне жетеді. Бас жүлде иегеріне қаржылай сыйлық — 500 мың теңге табысталмақ.