Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу басқармасы мен «Қазығұрт» кеден бекетінің қызметкерлері бірлесіп, 26 қазан күні есірткі тектес күмәнді затпен Қазақстан азаматын ұстады. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысы нәтижесінде күмәнді заттың 30 гр «Канабис шайыры» екені анықталды.
Ұсталған жігіт оны қалпағына жасырып, шекарадан өтпек болған екен. Қазақстан Республкиасының «Есірткі және психотропты заттар туралы» заңына сәйкес бұл көлемді есірткіге жатады.
Күдікті азамат Тараз қаласының 21 жастағы тұрғыны. Қазір ол Сарыағаш ауданындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.