Күздік күтім…

1063

Күз келді. Бұл үй, бау-бақша және денсаулық күтіміне көп көңіл бөлетін кез екенін естен шығармаған абзал. Ендеше, төмендегі кеңесіміз кәдеңізге жарап қалар. Оқи отырыңыз.

Бау-бақша жұмыстары

Күз келісімен қ ураған жапырақтарды тазалау, сынған бұтақтарды кесіп, бұталау, құрт жеген ағаш діңгегі, топырақтың құнарын арттыру үшін дәрілеу жұмыстары басталады. Қазан айы ағаштардың бұтақтарын кесіп, зиянкестерін жоюда зарарсыздандыруда таптырмас ай. Ал сол бақшаны жинау барысында айналада жапырақтан көп нәрсе жоқ. Көбінесе адамдар сарғайған жапырақтарды жинап, өртейді. Бұл — сіздің үлкен қателікке жол бергеніңіз. Себебі, бұл қалдықтар топыраққа табиғи тыңайтқыш береді. Тыыңайтқыш демекші, күзде топырақты тыңайтуды ұмытпағайсыз. Топырақтың құнары жақсы болғанда ғана мол өнім береді.

Сондықтан жаз бойы шаршаған бау-бақшаның топырағын күзде тыңайтқан жақсы. Топырақты қайта қалпына келтіретін затты алыстан іздеп, артық шығандалудың да қажеті жоқ. Тыңайтқыш өз қораңызда. Мәселен, көбіне адамдар жиналып қалаған малдың қиы, құстың саңғыры, тал жапырақтарын жинап-теріп, күзде ауладан шығарып тастайды, не өртейді. Топыраққа күш беретін нағыз тыңайтқыш осы үшеуі екен. Оны пайдаланудың ережесі мынадай: табиғи тыңайтқыштарды күзде 30-40 сантиметрдей көлемде шашып шығады. Не болмаса жерді жыртқанда топыраққа араластырады.

Қазан-қараша айы баудағы ағаштарды жаңартуға да ыңғайлы уақыт. Өйткені, осы кездегі ауа райына көшеттер бейімделіп, тез өнеді. Күзде өрік, алма, алмұрт, шие, жаңғақ, шабдалы секілді ағаштарды отырғызуға болады. Тек өзге өңірлерден әкелінген жеміс көшеттерінің өсіп-өнуі қиындауы мүмкін.

Пайдалы асқабақ
Күзде пісіп-жетілетін көкөністердің бірі – асқабақ. Құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және A, B1, B2, PP және C , Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері бар. Дәрумендердің көптігінен болар, ол мың бір ауруға ем боларлық көкөніс деп есептеледі. Мысалы асқабақ шырынын балға қосып жатар алдында ішсе, жүйке жүйесін тыныштандырып, ұйқы дәрісі секілді әсер етіп, тыныш ұйықтайсыз. Жүкті әйелдердің жүрегінің айнығанын асқабақ шырыны басады.

Асқазан ішек жолдары, асқазанның шырышты қабатында дерт болса, асқабақтан езбе дайындап, ішіңіз. Емшектегі сәбилер үшін асқабақтан дәмді пюре дайындауға болады. Алқызыл түстегі заттар балалардың аллергиясын қоздырады деп ойлаудың қажеті жоқ. Бұл жидек ешқашан аллергия шақырған емес. Сондықтан, емшектегі сәбилер үшін асқабақ пайдалы әрі дәмді тағам.

Терідегі қышыма, есекжем шыққанда, не болмаса күйік шалғанда үккіштен өткен асқабақтың бөлігінен компресс жасайды.

Маска жасайық

Жаз бітті, демек бетке арнайы күтім жасайтын уақыт келді. Жақындап келе жатқан қыстың суығы бетті құрғатып, қабыршақтандырып жіберуі мүмкін. Сондықтан қазірден бастап теріні ылғалдандырғаныңыз жөн. Бұл жерде сізге тағы да асқабақ көмекке келеді. Күз мезгілінде өз пайдасын беретін асқабақтан жасалатын бірнеше масқаларды ұсынамыз:

• 1 асхана шай қасығындайболатын асқабақтың қайнатылған жұмсақ бөлігін жұмыртқаның ағынан пайда болған көпіршікпен араластыру керек. Бұл майлы бет терілеріне пайдалы
• сқабақтың қайнатылған жұмсақ бөлігін күнбағыс майымен 2:1 қатынасында араластыру керек. Бұл құрғақ тері иелеріне арналған.

• 2 асхана шай қасығындай болатын асқабақтың қайнатылған жұмсақ бөлігін 1 қасық бал және 1 жұмыртқа сарысымен араластыру керек. Бұл барлық теріге пайдалануға болады.

Шашымызды да ұмытпайық

Күзде шашқа да күтім қажет. Жаздың ыстығынан әбден әлсіреген және құрғаған шашқа нақ осы кезде күтім жасамаса, қысқа қарай жағдайы тіптен нашарлайды екен. Сондықтан, күзде шашты қысқы суық пен дымқылдыққа дайындау қажет. Әйтпесе, суықтың әсерінен бас терісіндегі қанайналым нашарлап, шаш әлсізденіп, сынғыш келеді, өңі кетеді. Егер жаз айларында күніне 40-тан 70-ке дейін шаш талшығы түсетін болса, күзде олардың саны 150-ге жетеді. Мұндай келеңсіздіктің алдын алуда не істеуге болады?

Суық және желді ауа-райында шашты жайып жүрмеген дұрыс. Ең оңай шаш үлгісін жасап алыңыз не өріп жүріңіз. Дұрысы бас киім кию. Оны жуған кезде де біршама кеңеске назар салыңыз. Айталық, шашты ірі тісті ағаш тарақпен асықпай тараңыз. Басқа арналған массаж тарақты қолдансаңыз тіптен жақсы. Бұл кезде бас терісінің қан айналымы жақсарады. Егер қанайналым жақсы болса шаш тез өседі, әрі түспейді. Шашты жуып қана қоймаңыз, оны нәрлендіріп, ылғалдандыру шарасын қоса жасаңыз. Түймедақ тұнбасы шаш үшін таптырмайтын дәрмек. Әрі бұл дәрілік шөпті кез-келген үйден табуға болады. Оның 2 ас қасығын 2 стақан қайнаған суға демдеп, 20-30 минуттан кейін сүзеді. Тұнбаны 1 литр сумен араластырып, шашты осымен шаяды.

Күзгі тренд: Вестерн

Ал денсаулығымыз мықты болып, көрікті күздің әсемдігіне рақаттанып тамсанып жүру үшін киіміміз жылы, ыңғайлы болғаны дұрыс. Әрине, сәнді болуы бірінші шарт. Сол үшін 2017 жылғы күздің трендтерін ұсынамыз.

Биылғы күздің тренді – Вестерн стилі. Бұл дегеніміз ұзын бохо-көйлектер мен қыпша белін ораған былғары белдіктер, джинс шалбарлар мен жеңіл жейделер, күздің кешкі суығынан құтқаратын тоқыма пончолар мен комбинезондар – жабайы Батыс стилі деуге де болады.

Күз айларын былғары күртешелерінсіз елестету мүмкін бе? Әрине, жоқ. Күртешелерден өзге осы күзде былғары көйлек, шалбар сияқты киімдер де танымал
Ал сәндегі түстер: қызыл, балет кебісі түсі және классикалық қара түс.
Ал аяқ киімдерге келсек, биылғы жылдың сәні – бауы бар өкшелі етіктер.
                                                                                                                                       Әлия Әділбек

Күз
Жүрегім сыздады,
Кейіпі — күз бағы.
Мендегі сағыныш,-
Жаңбырлы күз таңы.

Күздей күреңмін,
Бұлттай түнердім.
Жапырақ кейіптес,
Жүректе кілең мұң.

Жаныма мұң үйір,
Жүрекке жыр үйір.
Арқада адасқан,
Мен едім киік ұл.

Далада ызғырық,
Бақта жүр қыз күліп.
Жайдары жазымды,
Алдым мен күз қылып.
Жоғалма, өтінем,
Мендегі ізгілік!
Айдар Сейдазым