Мас анасы жоғалтқан 7 айлық сәбиді полицейлер тауып берді

346

Анасы мас күйінде жоғалтқан жеті айлық баланы полицейлер тауып берді. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінің фейсбук парақшасында ақпарат таратылды.   ОҚО ІІД Криминалдық полиция және Қаратау ПБ-нің қызметкерлерімен 7 айлық баланы іздестіру үшін барлық қажетті іс-шараларды жүргізіп, нәтижесінде 7 айлық нәрестені Қаратау ПБ учаскелік инспекторы Елемесов Азамат Қайнарбұлақтағы үйлердің бірінен тапты. Баланың дені сау. Нәрестені анасына қайтарды. 

Еске сала кетсек, 2017 жылы 5 қазан күні Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-не 1985 ж.т. Төлеби ауданының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында мас халде емізулі 14.02.2017 жылы туылған ер баласын жоғалтып алып, қай жерде тастап кеткенін және таппай жатқанын айтып көрсеткен. Әйелдің сөзіне қарағанда Қайнарбұлақ саяжайында қалдырып кетуі мүмкін. Енді полицейлер өз  кезегінде айта кетейік, полицейлер тұрғылықты жері бойынша анасына қатысты баланы тәрбиелеу бойынша құжаттарды жинақтайтын болады.