Қазақстан Республикасы бас прокурорының 05.10.2017 жылғы бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметіне Ержан Сәкенұлы Бердібеков тағайындалды. Бердібеков Е.С. 1975 жылдың 16 қазанында ОҚО, Шардара ауданының Комсомол ауылында дүниеге келген.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Еңбек жолын 1996 жылдың қыркүйек айында Ақтау қалалық пркуратурасында тағылымдамашы, прокурор көмекшісі болып бастаған. 1998 жылдың маусымы мен қараша айының аралығындаМаңғыстау облысы прокуратурасының әлеуметтік экономикалық саласындағы заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры болып атқарды.
1998 жылдың қараша айынан бастап Маңғыстау облысынгың сот орындаушылары және приставтары департаментінің директоры, одан ары Маңғыстау облысы бойынша сот қаулыларын орындау департаменті бастығы қызметтерін атқарған. 2000 жылдан бастап Маңғыстау облысы прокурорының аға көмекшісі, прокуратураның бөлім бастығы болған.
2004 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуроры болып тағайындалған. 2006 жылдан бастап Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма бастығы, облыс прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2010 жылдың ақпан айынан бастап 2011 жылдың шілдесіне дейін ҚР бас прокурорының аға көмекшісі болған.
2011 жылдың шілде айында Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры болып қызметке кіріседі. Оңтүстікке дейін Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары болып қызмет істеген.