Сайлау учаскелері жұмысын бастады

763

ОҚО-да жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді. Жергілікті түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауына дайындық жұмыстары Конституциялық заңның талаптарына сай кезең-кезеңімен атқарылуда. Төрағаның айтуынша, мәслихат депутаттығына барлығы 42 үміткер ұсынылған, оның ішінде 38 үміткер тіркеліп отыр. 4-ші қазаннан бастап кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Осыған орай 29 қазанда өтетін сайлауға сайлау учаскелері дайындықтарын пысықтауда. Айта кетейік, ОҚО-да сайлау жеті округте өтеді.

Сайлау учаскелерінде жұмыс қызу жүргізілуде. Мұнда сайлауға қатысатын тұрғылықты халықтың мекен-жайларының шекарасы анықталған. Ендігі кезекте сайлаушылардың тізімі жасалады. Шымкенттегі 15-ші шағынауданның тұрғындары №11 сайлау округі бойынша облыс мәслихатына лайықты азаматына дауысты осы 24 мектеп-лицейде орналасқан сайлау учаскесінде береді.

Барлық сайлау учаскелері сайлауды заң шеңберінде өткізу мақсатында қажетті әдістемелік құралдармен толық жабдықталған. Оңтүстік Қазақстанда сайлау жеті округте өтеді. Шымкентте №11 және №35 , Шардарада №49 және 50, облыстық округтерде, қалалық мәслихатқа Түркістанда №7, Шымкентте №22 округтерде және Сарыағаш ауданында өтеді. 4-ші қазанда үміткерлер үгіт насихат жұмыстарын бастап кетті.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, Оңтүстік өңірінде 3 халық қалаулысы қайтыс болуына байланысты, 3-уі мемлекеттік қызметке ауысуына және біреуі облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес депутаттық өкілеттіктері тоқтатылған. Ал сайлау учаскелеріндегілер 29 қазанда өтетін сайлауда әрбір сайлаушы өзінің таңдауын жасайды деген сенімде.