Республикадан авиация көмегіне зәру болған келіншек қайтыс болды. Бұл туралы облыстық клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Вячеслав Цай мәлімдеді.
Бір айға жуық ес-түссіз жатқан әйел жасанды аппараттың көмегімен ғана тыныс алып жатқан. В, D гепатиті диагнозы қойылған науқастың бауыры асқынған. Дертінің дендеуіне байланысты дәрігерлер науқасқа бала тууға болмайтынын ескерткендерін айтады. Сегізінші қазан күні сағат оннан аса әйел жан сақтау бөлімінде көз жұмды.
Дегенмен, дәрігерлер науқас әйелдің өмірін аман сақтап қалу үшін соңына дейін күресті. Жансақтау бөлімінде жатқан кезінде әйел көп қан жоғалтқан. Соның салдарынан мамандар оның жатырын алып тастауға мәжбүр болыпты. Бұған қоса азаматшаның басында ісік болған.
Вячеслав Цай, жанжақтау бөлімінің меңгерушісі: «Қайтыс болған азаматша біздің ауруханаға 2 қазан күні ауыр жағдайда түсті. Біз бірнеше рет республикадағы медициналық орталықтағы мамандардың кеңесін ала отырып, ем көрсеттік. Қос гепатит ауруына шалдыққандықтан, бауыр ауруы асқынып кеткен. Сегізінші қазан күні сағат оннан аса азаматша көз жұмды.»