Шымкентте екі мемлекеттік қызметкерге қатысты сот үкімі шықты

389

Шымкент қаласындағы Әл Фараби аудандық сотында сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған екі мемлекеттік қызметкерге қатысты сот үкімі шықты. Қаратау аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бастығы Н есімді азамат пен басқарманың бөлім басшысы В есімді азаматша алаяқтық және пара алуға оқталған деп айыпталды. Сот процесінде екі сотталушы да өздерін бейнекамераға түсіруге қарсы болды. Істі қараған судья Еркебұлан Төлешов істің ашық процес екенін ескеріп, түсірілім тобына рұқсат етті.

Тергеу нәтижесі анықтағандай, екі жауапты тұлға жұмысқа орналастырамыз деген уәдемен 800 мың теңге көлемінде пара алмақ болған. Сотталушылар өздеріне тағылған айыпты ішінара мойындады.

Сонымен, Әл фараби ауданы сотының шешімімен Н. — 4 жылға, В. 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сотталушылардың мал-мүлкі тәркіленетін болады. Айта кетейік, сот шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ.