Шымкентте операция жасайтын «робот» іске қосылды

781

Шымкентте дәрігерлер ангиография аппаратымен ота жасауды бастады. Жартылай робот құрылғы арқылы операция жоғары дәрежеде әрі науқас үшін тиімді өткізіледі. Ота кезінде операция жасалатын науқасқа пышақ тілігі жасалмайды. Өйткені мұндай хирургиялық ем кезінде дәрігерлер эндоваскуларлі әдіс қолданып, қан тамырға орналастырылатын арнайы катетер арқылы жұмыс істейді.

Мұхан Егізбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Бұл қондырғы, ангиография, қан тамырлары мен оның төңірегіндегі ұлпаларды рентген сәулелері арқылы тексерудің жаңа әдісі болып табылады. Мұның тиімділігі орасан. Қозғалыс шектеліп, қан тамырлары тарылып, онда ақау көбейген тұста диагнозды дөп басуға септігін тигізеді. Арнайы аппарат қан тамырға орналастырылатын арнайы катетер арқылы жұмыс істейді.»

Жаңа қондырғыны пайдалана отырып, ауруханада хирругтар мыңға жуық жоғары дәрежелі, мамандандырылған ота жасамақ. Нақты айтқанда, жүрегінде талмасы бар, қан тамыр аурулары және нейрогихирургиялық ахаулар бойынша диагноз қойылған науқастарға операция жасайтын болады. Мұндай хирургиялық ем кезінде эндоваскуларді әдіс қолданылып, нәтижесінде пышақпен тілік жасалмайды.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық аурухана — ангиография аппаратын алғаш іске қосқан медицина мекемесі. Сондықтан қан тамырлар жүйесі бойынша жасалатын күрделі оталар осы ауруханада базасында өткізілмек.