Шымкентте пәтер өртеніп, бес жасар бала тірідей жанып кетті. Қайғылы жағдай қаладағы Әл Фараби алаңы маңындағы үйлердің бірінде болған. Мұнда пәтерден өрт шығып, 11 пәтерде үй заттары жанып, 19 адам, оның ішінде 5 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрттің беті сағат 16:52-де қайтарылып, 17:07-де толығымен сөндірілді.
Қызыл жалынның көлемі 35 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан 2012 жылы туылған баланың мәйіті табылды деп хабарлайды ОҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге төтенше жағдай департаментінің 5 арнайы техникасы мен жеке құрамнан 23 қызметкер жұмылдырылды. Қазір қайғылы жағдайдың себебі тексерілуде.