Шымкенттегі үйлерге жылу қосылуда

307
Құбырлар жаңаланбаса, сапалы жылу болмайды

Шымкент қаласындағы көпқабытты үйлерге жылу беру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі таңға дейін 800-ден астам үйге жылу берілді. Ал бюджеттік мекемелер жылуға толығымен қосылыпты. Сала мамандараның айтуынша, бірінші қарашаға дейін барлық үйлерге жылу қосылады. Бұдан бөлек орамішілік құбырлардың сыртын қаптау жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс ауа райына қарамастан жалғасады дейді жауаптылар.

20 қазаннан басталған жылу беру жұмыстары үлкен қарқынмен жүргізілуде. Бүгінің өзінде қаладағы орталық жүйеден жылу алатын үйлердің 50 пайызында жылу бар. Сала мамандарының айтуынша, 130 маман жертөлелерді аралап, жүйелерге ыстық су жіберіп жүр. «Қуат жылу отралығы» биыл жертөлелеріндегі жүйелерінде ақауы бар үйлерге де өздері қызымет көрсетіп жатыр.

Шаһардағы орталықтандырылған қазандықтан жылынатын 1800-ден астам көпқабатты үйдің 300-ге жуығы жертөлелеріндегі элеваторға қызмет көрсету үшін ешбір мекемемен келісім-шарт түзбеген, қараусыз деуге болады. Міне, енді сол үйлердің проблемесын шешуді де «Қуат жылу орталығы» өз мойындарына алыпты. Мұндағы мақсат — барлық үйрге сапалы жылу жеткізу.

Көпқабаты үйлерге жылу беру жұмысынан бөлек «Қуат жылы орталығының» бригадалары орамішілік құбырларды қаптап жүр. Бір ғана Еңбекші ауданында 16 шақырым жалаңаш құбыр қапталған. Енді жыл соңына дейін барлық құбырлар қапталуы тиіс. Оның жылу сапасына үлкен әсері бар екені айтпаса да түсінікті.

Нұрлан Күдерұлы