Шымкенттегі банк бөлімшесін тонаған күдікті ұсталды

317

Шымкенттегі банк бөлімшесіне шабуыл жасаған күдікті жалдамалы пәтерден ұсталды. Әл Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері жалдамалы пәтерден ұстаған 45 жастағы азамат Алматы қаласының тұрғыны болып шыққан.

Облыстық ішкі істер департамені баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қылмыс биылғы 13 қазан күні жасалған және қазіргі уақытта күдікті кінәсін мойындап отыр. Аталған факті бойынша қылмысты кодекстің 192-бабының 4-тармағы (қарақшылық) бойынша іс өндірісі ашылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында жасалған қылмыстың барлық мән-жайы анықталып, күдіктінің басқа да орын алған қылмыстарға қатыстылығы туралы мәліметтер тексерілуде.

Еске салсақ, белгісіз адам кассадан 16 000 000 теңге, 23 000 АҚШ доллары мен 8 500 ресейлік рублді қолды қылған еді.