Шымкенттің оқушылары қылмыскерді ұстайтын иттермен танысты

451

Шымкентте полицейлер мектеп оқушыларына қызметтік иттерді ұстайтын орындарын көрсетті. Кинологтар мен қызметтік иттер өздерінің есірткі затын табу, жарылғыш заттарды табу, сондай-ақ, бірнеше бұйрықты орындау секілді шеберліктерін көрсетті.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкент қаласының мектеп оқушыларына арнап кинологиялық қызмет орталығына экскурсия ұйымдастырды, балаларға қызметтік полицей-иттердің жаттығуларын көрсетіп, кинологтардың жұмысымен таныстырды.

Аталған іс-шара есірткіге қарсы күрес жіне жастар арасындағы есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында өткізілді. Сондай-ақ, қылмыскерлерді ұстауда және қылмысты ашуда иттердің қызметін насихаттау болып отыр.

 

Тәртіп сақшылары экскурсия барысында оқушыларға кинологтар немен айналысатынын және полицияда қызмет атқаратын иттердің түрлері қандай болу керектігін әңгімелеп берді. Полицейлер төртаяқты көмекшілердің ең басты қаруы: қылмысты ашуға мықты тістер мен иіс сезу және есту қабілетінің мықты болуын атап өтті.

Қорытындылай келе мектеп оқушылары тәртіп сақшыларына өздері қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Балалар иттердің қалай полицейлердің қалай қылмыс ашқаны мен қылмыскерлердің ізіне түскенін ерекше қызығушылықпен тыңдады. Мектеп оқушылары полицейлерді экскурсия үшін алғысын білдіріп, полиция қызметкерлеріне және олардың төрт аяқты әріптестеріне жұмыста табыс тіледі.