Қауіпті қиылысқа қашан бағдаршам орнатылады?

555

Қаладағы 112 орамда қоғамдық көлікке қатысты мәселе әлі шаш етектен. Бұл туралы олар жергілікті билікке талай шағынған-тын. Шыққан нәтиже жоқ. Орам ішін аралап өтетін бір ғана 109 шағын автобус бар. Бұдан бөлек орамдағы бағдаршам мәселесі де түйінін тарқатуды талап етеді. М.Аманқұлов көшесінің С.Қожанов көшесімен қиылысатын тұсқа бағдаршам қою туралы қаншама рет дабыл қақты тұрғындар.

Таңғы және кешкі уақыттарда мұнда көліктер сағаттап тұруға мәжбүр. Басты көшеге бұрыла алмай қиналатын көлік иелері арасында дау туындайды. Мұнда жол көлік оқиғалары да жиі орын алып тұрады. Осы қиылыстан көбіне бала бақшаға, мектепке баратындар өтеді. Арасында жол апатына түскендер де көп. М.Аманқұолв көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған жолақ сызылған. Ал Қожанов көшесінде мұндай жолақ жоқ. №2 Дарын мектебінде оқитын балалары үшін ата аналары алаңдаулы.

Мастура Ашурметова, 112 орам тұрғыны: «Көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізген болатын. Бірақ бізге бағдаршам қойылғаны керек. Мұнда үнемі жол көлік оқиғалары жиі орын алады. Дарын мектебі, 3 мектеп бар. Көшенің арғы бетіне өту мүмкін емес. Жоғары жылдамдықпен өтеді көліктер. Бізге бағдаршам қойып берсін».

Ал жауаптылар не дейді?

Наурыз Сүгіралиев, Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль бөлімінің Көлік және коммуникация секторының меңгерушісі: «Қожанов көшесінде қайта құру жұмыстары 2017 жылы аяқталды. Жобада бағдаршам қарастырылмаған. Алайда тұрғындардың шағымына орай 2018 жылдың бірінші жартылжылдығында орнатылатын болады. Бүгінде мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде мердігер анықталып құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады».

Жауаптылардың жауабына сенейік. Қаншама жыл бағдаршамсыз тұрған қауіпті қиылыстың мәселесіне осылайша нүкте қойылады деп отыр.