«Үй ұрысы» ұсталды

358

Сайрам ауданында ОҚО-ның полицейлері жергілікті тұрғындардың үйлері мен автокөліктерінен ұрлық жасаған 22 жастағы ұрыны ұстады. Сайрам АІІБ-ның кезекші бөліміне 49 жастағы жәбірленуші арызданған, онда белгісіз тұлға жүк көлігінің ішінен 100 мың теңгесін ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188 «Ұрлық» бабымен СДТБТ-не тіркелген.

Сайрам АІІБ-ның қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті 1996 ж.т. жергілікті тұрғынды ұстады. Полиция қызметкерлерінің анықтағанындай, жас жігіт тек авто ұрлығымен емес, Сайрам ауданы тұрғындарының үйлеріне де ұрлық жасап жүрген. Мысалға өткен жылдың қараша айында ұры ауыл тұрғынының ауласына кіріп, жаңғақты қабымен ұрлап кеткен. Жалпы келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрап отыр.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша «ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлермен күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бары анықталуда.