Полицейлер үй ұрыларын құрықтады. Шымкент қаласы, Қаратау аудандық ІІБ не 72 жастағы жәбірленуші желтоқсан айында үйіне ұры түсіп, миллион теңгеден астам тұратын алтын бұйымдарды ұрлап кеткендігі туралы шағым келтірген. Аталған факті ҚР ҚПК 188 бабы бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған.
Жедел іздестіру жұмыстары кезінде бірден бес күдікті қолға түсті. Ұсталғандар 1990 және 1996 жылы туған Алматы облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары. Тергеу кезінде олардың тағы да 7 пәтер ұрлығына қатысы бар екендігі анықталған.
Үй ұрылары көбінесе үйде ешкімнің болмаған сәттерін оңтайлы пайдаланған. Қаскөйлер терезе жақтауларынан үйге еніп, алтын және басқа да бағалы заттарды ұрлап жүрген. Әртүрлі сауда нүткелеріне апарып, сатып, өз пайдаларына жаратқан. Қазір күдіктілер қамауда. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп тескеріліп жатыр. Басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар жоқ екендігі анықталуда.