Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграм әлеуметтік парақшасында арнайы жоба бастау алды. Онда: «Сіздердің назарларыңызға «Әкімге сұрақ қой» бірегей жобасын ұсынамыз. Бір ай көлемінде жексенбі күндері #əкімгесұрақ хештегімен сұрақтарыңызды арнайы пост арқылы қоя аласыздар.
Сұрақтарыңызға жауаптар бір апта ішінде əкімдіктің əлеуметтік желілердегі парақшаларында баспасөз қызметі арқылы жарияланатын болады.
Шарттары:
1. #əкімгесұрақ хештегімен жарияланған сұрақтар ғана қаралады.
2. Ашық парақшадан түскен сұрақтар ғана қаралады (фэйк парақшадан түскен сауалдар қаралмайды)» деп жазылған.
Жексенбі күні жарияланған жазбаға шымкенттіктер 300-ден астам сауал қалдырыпты. Сұрақтардың басым бөлігі қоғамдық көлік, шағынаудандардағы жол мәселесі жайлы болып отыр. Ташкент бағытындағы көпір туралы қызықты сауал жолданыпты. Көлік кептелісі жиі орын алатын осы маңға бір көпір аздық ететіні, жаңа көпір салынуын өтініпті қала тұрғыны.
Аталған мәселе туралы қаншама рет БАҚ бетерінде мәселе көтерілген-тін. Енді қаланың жаңа әкімі бұл мәселеге баса назар аударатын болар. Сауалдардың мұнымен шектелмесі белгілі. Бүгін қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қаладағы түйіні тез тарқатуды қажет ететін нысандарды араламақ.