Қайтарымсыз қаржылай қолдау алғыңыз келсе…

395

Бүгін НұрОтан партиясының ОҚ облыстық филиалында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсинаның қатысуымен семинар-тренинг өтті. Өңіріміздегі аудандардан келген жұмыссыз әйелдер жасыл технологияларды қолдана отырып, өз ісін ашу жолдарына қанықты.

Аталған бағдарлама бойынша 2013 жылдан бастап Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарының тұрғындары кәсіпкерлікпен айналысуға қажетті білім алды. Биылдан бастап бұл жоба біздің өңірімізде жалғасын таппақ. Игі бастаманың арқасында оқу семинарларына қатысқан 9 мыңға жуық әйелдің 41-іне қайтарымсыз қаржылай қолдау көрсетілген. Осының арқасында жүзден астам жұмыс орындары ашылды.

Халық қалаулысы өз ісін ашуға ниет білдірген азаматшаларды және жергілікті кәсіпкерлерді жасыл экономиканы қолдауға бағытталған бағдарламаларға батылырақ қатысуға шақырады.

Шынар Оразова