ОҚО-да қылмыстың алдын алу мақсатында ОҚО ІІД-нің полиция қызметкерлері қару-жарақпен жасалынатын қылмыстардың санын азайтуға, сондай-ақ халықтың ІІО-на қаруды ерікті түрде беруіне бағытталған жедел алдын-алу және басқа да іс-шаралар өткізді.
Өткен 2017 жылы акция өткізу барысында ОҚО-ның тұрғындары ерікті түрде Ішкі істер органдарына 380 қару-жарақтар мен басқа да қарулар тапсырылған. Полицейлер қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтарға сыйақы ретінде жалпы соммасы шамамен 18 миллион теңге төледі. Айтпақшы, бұл республика үшін ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Одан бөлек, ОҚО ІІД-нің Әкімшілік полиция басқармасы қызығушылық танытқан қызметтермен бірлесе қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымын анықтау және алып тастау мақсатында үлкен жұмыс жүргізілуде.
Аталған кезеңде «Қару» жедел алдын алу іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 223 қару-жарақ тәркіледі. Соңғы қорытынды бойынша тәртіп сақшыларына қылмыстың санын азайтуға мүмкіндік берді, облыс аумағында атыс қаруымен 21/8 % қылмыс жасалынған.
Сонымен бірге , ОҚО-ның полицейлері азаматтарға ескертеді, заңсыз сақталған атыс қаруды ерікті түрде тапсырған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы