«Қазақстан Халық Банкі” туған күнін ерекше атап өтті. Қаржы компаниясы — Халыққа қалтқысыз 95 жыл қызмет етіп, тұрақтылықтың символына айналды. Мерей той қарсаңында түрлі іс-шаралар мен акцияларын бастап кетті. Демалыс күндері шымкенттіктерге тосын сый жасап, мұз айдынында ақысыз сырғанауға мүмкіндік берді.
Қазақстан халық банкі — нағыз халықтыкі. Бұл жолы да қуаныштарын халықпен бөлісуді жөн санады. Тұтынушыларына 95 жылдан бері қызмет етіп, қаржылық сауаттылығын арттырып, сенімділік пен тұрақтылықтың символына айнала білуінің құпиясын ашты. Елдің түкпір-түкпірінде мерейтой кең көлемде аталып өтілуде. Ал банктің оңтүстіктегі филиалы туған күнін тұрғындармен бірге тойлауды жөн санапты. Мерекеге орай, мұз сарайында салтанатты шара өтті. Бүлдіршіндерден құралған хоккей командасы ерекше ойынын көрсетіп, шашу шашты.
Алим Темирхан: «Мен соңғы төрт жылдан бері мұзда сырғанаудың қыр-сырын меңгеріп алдым. Үнемі алдыңғы орындардан көрініп келемін. Бүгін дәл осындай акция ұйымдастырып, көптің көңілін көтерген банк ұжымына рахмет!»
Салтанатты шарадан кейін, қарапайым халық мұз айдынында жаппай сырғанады. Соңғы технологиялармен салынған мұз айдынында бір мезетте 300-ге жуық адам конькимен сырғанай алады. Демалыс күндері акцияға қатысамын деушілердің қатары көп болғандықтан, кезек күткендерді де кезіктірдік. Айдында қадірлі қариядан бастап, балғын балдырғанға дейін көңіл көтерді.
Мадина Алиева, қала тұрғыны: «Мен балаларымды алғаш рет мұз айдынына әкеліп тұрмын. Бірден үйреніп кетті. Осындай мүмкіндік сыйлаған банк ұжымына рахмет! Қазақстан халық банкінің 95 жылдық мерейтойы құтты болсын! Табыс тілеймін. Үнемі халықтың көңілінен шығатын шара ұйымдастырса деген өтінішім бар».
Айдана Аманова, қала тұрғыны: «Халық банкіне рахмет! Бүгін мұз айдында тегін сырғанауға мүмкіндік берді. Маған ұнады. Шымкентте қатты қыс болмаса да, біздер сырғанағанды жақсы көреміз. Мына халыққа қарап-ақ, акцияның жоғары деңгейде өтіп жатқанын көруге болады. Бәрімізге бақыт сыйладың, банк!»
“Қазақстан Халық банкі” салауатты өмір салтын қолдайтынын тағы бір рет дәлелдеді. Бұл мерейтой қарсаңында ұйымдастырылған акциялардың басы ғана. Алда „95 игі іс шара„ марафоны білім, ғылым, мәдениет саласында да жалғасын табатын болады.
Дербісәлі ЖЕТПІСБАЕВ, „Қазақстан Халық Банкі„ ОҚО бойынша филиалының директоры: «Біз мұнымен ғана шектеліп қалмаймыз. Білім, ғылым және мәдениет саласында да акциялар ұйымдастырылатын болады. Бізге сенім білдіргендердің барлығына да алғыс айтамыз».
Мерейтой иесі — ”“Қазақстан Халық банкі” — өз ісінің үздігі. Білікті қаржыгерлер тұтынушы санының кепілі. Әр азаматтың алтын уақытын құнды санайтын банк қызметкерлері жаңашылдыққа бет бұрған. 95 жыл бойы ізденімпаз әрі сапалы қызметімен ел сенімін арқалап келеді.
Ардақ Жақсылықова
Жарнама негізінде
Лиц.№1.2.47/230/38/1 5.11.2016ж., бастап ҚР ҰБ берілген)