Енді үш жылда күнгейдегі елді мекендер толығымен сапалы электр энергиясымен қамтылады. Оны жүзеге асыру үшін арнайы жоба жасалған. Сондай-ақ, «Оңтүстік энергия» мекемесі құрылады. Осы және өзге де коммуналдық шаруашылық саласындағы жоспарларды Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы жария етті. Саладағы өзекті сауалда назардан тыс қалмады.
Шымкентте 2 046 трансформатор бар. Оның 500-і жекенікі, тағы 500-і коммуналдық меншікте. Ал қалған 1000-ы «Оңтүстік жарық транзит» мекемесінің мүлкі. Облыс орталығы тұрғындарының ашуын туғызып, сапалы жарықпен қамти алмай отырғаны жекенің қолындағы қондырғылар. Осындай трансформатордан жарық алатын жерлестеріміз артық ақша төлейміз деп наразылықтарын білдіріп жатады.
Сондай-ақ, өңірде қараусыз қалған желі мен трансформаторлар көп. Бір ғана мысал, «Асар» шағынауданында 2011-2012 жылдары қолданысқа берілген, 113 шақырым желі мен 53 трансформатор 2 электр қуатын таратқыш бекет. Бұл мәселені аудан әкімдігінің есебіне келген тұрғындар көтерген болатын.
ОҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы басшыларының айтуынша, облыс бойынша осындай мемлекет қаражатына салынған жарық таратушы нысандарды күтіп ұстау проблемаға айналған. Мәліметтеріне сенсек, 3 мың шақырым желі, 1000-нан астам трансформатор 8 қосалқы станция жағдайы өзекті сауалға айналған. Бұл мәселені шешу үшін «Оңтүстік энерия» МКК ашып жатырмыз дейді.
Марғұлан Марайым, ОҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы: «Оңтүстік энерия» МКК өткен жылдың қыркүйек айында ашылды. Бүгінде инвентаризация жасап жатыр, құжатар қабылдануда. Аталмыш мекеме бәрін күтіп ұстайды».
16 шалғай елді мекендегі 1600 тұрғын дербес электр қондырғыларын пайдаланады. Жоспар бойынша, 2021 жылы оңтүстіктегі бұл мәселе оң шешімін табады екен.
Нұрлан Күдерұлы