Үздік мектеп директоры: «Еңбегіміз мақтануға тұрарлықтай»

1383

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы №90 жалпы орта мектебінің директоры Арман Орынбеков:

— 2017 жылдың «Үздік мектеп директоры», «Үздік тәлімгер» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша осындай марпаттарға ие болдыңыз. Бұл марапат үздіксіз, тынымсыз еңбектің жемісі болар. Өзіңіз басқарып отырған мектептің ерекшеліктері қандай? Қандай жетістіктер арқылы осындай марапатқа ие болдыңыздар?

— №90 мектеп жаңадан пайдалануға берілген. Биыл алтыншы оқу жылын бастадық. Мектеп түлектерінің ҰБТ-дан жоғары балл алып, жоғары оқу орнына түсуі, «Алтын белгі» иегерлерінің көп шығуы, өнер, спорт саласындағы жоғары нәтиженің арқасында қол жеткізіп отырмыз. Жаңа мектеп болғаннан кейін ыңғайластырылған кабинеттер, спорт залдары барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған. 310 түлегіміз мемлекеттік грант иегері атанды, 29 «Алтын белгі» иегері шықты, 13 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. Өнер саласында да біраз жетістіктерге жеттік. Шағынаудан қаладан ұзақ болғандықтан мұнда музыкалық түрлі үйірмелер ашылды. Пианино, флейта, қобыз, би, хор, хореография үйірмелері бар. Қалалық байқауда бірінші орынды иелендік. Мектепте 3 спорт залы бар. Спорт басқармасының қолдауымен мектепте 13 үйірме ашылды. Қатарынан екі рет қалалық спартакиададан бірінші орын алдық. Мектептегі қолөнер үйірмелері бар, оқушылар тігін, тоқыма ісін үйренеді. Ағаш, темір ұсталығын үйретеді.
— Құрал-жабдықтармен жабдықтау мәселесі қалай шешілген?
— 4 еңбек кабинеттері бар, асхана, тігін машиналары, компьютер кабинеттері, интерактивті кабинет, робототехника кабинеті жабдықталды. Түрлі робот жасау кабинеттері жұмыс істеуде.
— Робототехникаға қызығушы балалар бар ма?
— Үшінші тоқсаннан бастап бастаймыз. Балалармыздың бұған қызығушылығы өте жоғары. Жабдықталуы да жоғары деңгейде.
— Қолөнер бұйымдарын жасап, түрлі көрмелерге қатысасыздар ма?
— Мақтанып айтсам да болады, бұл жағынан ең алдағы жағдайда. Ағаш бұйымдарын жасау кабинеттері демеушілердің арқасында жоғары деңгейде жабдықталды. Ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер көп.