Ұялы телефон тонаушылар ұсталды

490

ОҚО ІІД Сайрам АІІБ-ның полиция қызметкерлерімен жедел- профилактикалық іс-шара аясында тонау қылмысына қатысты үш күдікті азаматты ұстады. Жуырда Шардара ауданының тұрғыны, 1987 ж.т, Сайрам ауданындағы ауылдардың біріне қонаққа барған кезінде белгісіз үш азамат себепсізден-себепсіз ұрып соғып, «Айфон» маркалы ұялы телефоны және басқа да бағалы заттарын ашық түрде тартып алғандығы туралы арызданған.

Аталған жайт СДТБТ- ға ҚР ҚК-нің 191- бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сайрам АІІБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасы барысында осы қылмысқа күдікті ретінде 1963, 1975, 1983 жылғы ОҚО-ның үш тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда аталған жайт «тонау» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтар уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Сайрам АІІБ-ның полиция қызметкерлері облыс тұрғындарына көшелерде және қоғамдық орындарда белгісіз азаматтармен мәміле жасаған кезде мұқият болуды ескертеді.