Әділет департаменті ескертеді!

398

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті облыс тұрғындарының назарына бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына салық органдарында тіркеуде тұрмаған бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) және салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) жоқ заңды тұлғалардың олардың филиалдары мен өкілдіктерін сот тәртібімен мәжбүрлі түрде жою тәртібін көздейтін түзетулер әзірленіп жатқанын хабарлайды.

Осыған байланысты, заңды тұлғалар және олардың филиалдары мен өкілдіктеріне бизнес сәйкестендіру нөмірлерін алу үшін, заңды тұлғаның филиалдар мен өкілдіктердің орналасқан мекен-жайы бойынша әділет басқармаларына хабарласуы қажет.