Жылдағы дәстүр бойынша, қаңтар айының басында аудан, қала, облыс әкімдері халық алдында жыл бойы жасаған жұмыстарына есеп береді. Биыл бұл шара қаңтар айының 16 — сынан басталады.
Бүгінгі таңда Шымкенттің төрт ауданы әкімдерінің кездесу орындары белгіленген. Жоспар бойынша, олар үш жерде кездесу өткізеді. Осы шараға байланысты, әр ауданның әкімдігі тұрғындардың сауалдары мен өтініш-тілектерін қабылдау үшін арнайы жәшіктер орнатады.
Мысалы, Абай ауданы 6 жерге осындай жәшіктер қойыпты. Әр тұрғын көкейінде жүрген сауалдарын жазып, сол жәшіктерге салуына болады. «Жазбаша сауалдарға міндетті түрде жауап беріледі»,- дейді әкімдіктегілер.
Нұрлан Күдерұлы