Адамның «чипі» құйымшақта…

718

1940 жылдардың соңына қарай Америкада мынандай бір оқиға болған екен. Америка сотына бала ерткен бір әйел келіп, қасындағы баланың қаншама жыл бұрын дүниеден озып кеткен бір байдың баласы екенін айтып, үлкен бір істің ашылуына түрткі болады.

Әйелдің ниеті – байдан қалған байлыққа бұл баланың да мирасқорлық құқығы бар екенін дәлелдеп, өзіне тиесілі үлесін алу еді. Ол кезде ДНК тесті деген жоқ. Баланы анықтап бере қоятын.

Содан Америка құқықтық жүйесі бұл істің алдында дәрменсіз қалады. Басқа елдің құқықтық жүйелеріне назар аударады. Римнің, Грекияның, Қиыр Шығыстың тәжірибелеріне қарайды. Олардан да ештеңе таба алмайды. Бір делегацияны Түркияға да жібереді. Бұл мәселенің жауабын білу үшін бұларды сол кездегі Түркияның Бас Мүфтиі Өмер Насухи Билменге жөнелтеді. Делегация мұның себебін ұға алмайды. Десек те, бара салайық дейді.

Өмер Насухи Билмен Америкадан келген делегациядан әлгі өлген адамның сүйегі әлі күнге дейін бар ма, жоқ па, соны сұрайды. Олар да таңғалған күйі бар екенін айтады. Сонда Бас Мүфти әлгі өлген байдың құйымшақ сүйегінен бір жерді айтып, сол жерге баланың қанын тамызып көруді кеңес етеді.
ЕГЕР ҚҰЙЫМШАҚ СҮЙЕГІ ҚАНДЫ СОРЫП, СІҢІРІП АЛСА, ОНДА БАЛА СОЛ АДАМНАН ТУҒАН, АЛ СІҢІРМЕСЕ, ОНДА ҚАТЫН ӨТІРІКШІ ЕКЕНІН АЙТАДЫ.

Келген делегация алған жауаптарын қорыта алмастан, көңілсіз кері қайтады. Себебі, Өмер Насухи Билмен бір дін адамы, ал іздеп жүрген жауаптары медицина саласына қатысты. Екеуін бір арнада тоғыстыра алмаған Америкалық делегация шек-шүбәмен отандарына оралады. Десек те, Өмер Насухидің ақылы делегация құрамында болған бір докторға тыныштық бермейді. Соңында мүфтидің пікірін қате, жаңсақ деп дәлелдеп шығып, жұртқа паш етуді ниет етеді. Осы мақсатта қабірді ашқызып, мүфти айтқан құйымшаққа әуелі өз қанын тамызады. Қан сіңбестен сүйектің үстінен ағып кетеді. Екіншісінде баланың қанын тамызады. Сол кезде әлгінің көзі шарасынан шығып кете жаздайды. Сүйек қанды сіңіріп алады. Мұны көрген ол таңданысын жасыра алмайды.

Бас Мүфтидің «америкалықтарға» берген жауабына сол жерде табылған түріктер де таңғалып, мүфтиден бұл мәселені қайдан білгенін сұрайды. Өмер Насухи Билмен де әлгі құйымшақтың тек өз нәсілін ғана қабылдайтынын ұзыннан-ұзақ түсіндіріп береді. Әрі құйымшақтың маңызын, оны не істесең де жоя алмайтынын, тіпті, Қияметке дейін бұл сүйектің сақталатынын, әрі Қиямет күні адамның осы сүйектен қайта жаратылатынын әңгімелеп береді.

Йеменнің зерттеушілері Осман әл-Жейлани мен шейх Абдуль-Мәжид Аззандани 2003 жылы Рамазан айында құйымшаққа бірнеше зерттеу жұмыстарын жүргізген. Олар қызып тұрған отқа құйымшақты 10 минут бойы ұстап тұрған. Қызған отта қақталып тұрған құйымшақтың түсі бастапқыда қызарып, кейін қарая түскен. Содан кейін ғалымдар күйген құйымшақтың қалдықтарын жинап, стерильді колбаға салып, Йеменнің ең атақты Сана қаласындағы Аль-Аулаки зертханасына әкеледі. Сана университетінің гисталогия мен патология профессоры Салих аль-Аулаки қалған ұлпаны зерттеп, лаулаған оттың құйымшақтың жасушасына еш әсер етпегенін байқайды. Яғни, газдың отына май жасушасы мен жілік майы ғана жанған, ал құйымшақтың жасушалары еш зарар көрмеген, тіршілігін жоймаған.

Бұған ұқсас зерттеуді қытайлық ғалымдар да жасаған. Олар құйымшақты қуатты радиоактивті сәуленің астында ұстаған. Сосын күшті химиялық қышқылдарға салған. Нәтижеде адамның бұл сүйегін түбегейлі жойып жіберу мүмкін емес деген қорытындыға келген.

Ағылшын микробиолог-ғалымдарының да тәжірибелері осыны көрсеткен. Олар адам мәйітін 6000 градустық отта да өрттеп көрген, -286 градус суықтықта та ұстап көрген. Алайда, бәрі-бір құйымшақтағы тіршіліктің белгілерін жою мүмкін емес болған. Демек, бұл зерттеулер де құйымшақтың шірімеуін ғылыми түрде дәлелдеп отыр.

Қорытындылай келгенде, Алла Тағала Құранда: «Құранның анық ақиқат екендігі айқындалғанға дейін әлемдегі және өздеріндегі белгілерімізді көрсете береміз. Расында Раббыңның әр нәрсеге куә екендігі саған жеткілікті емес пе?»

(«Фуссиләт» сүресі, 53-аят), – дейді.
Сондай-ақ:
«Араларыңнан аяттарымды оқитын, сендерді тазартатын және сендерге Құранды әpi хикметті, сондай-ақ, білмегендеріңді үйрететін Елші жібердік»,– дейді («Бақара» сүресі, 151-аят, «Әли-Имран» сүресі, 164-аят, «Жұма» сүресі, 2-аят).
Бірде саңлақ сахаба Әбу Һурайра (радыйаллаһу ‘анһу) Пайғамбарымыздың (салаллаһу әлейһи уә сәлләм):
«Сүрдің бірінші үрленуі мен екінші рет үрленуі арасында қырық уақыт бар», – деген хадисін жеткізеді. Сонда сол жерде отырған сахабалар:
«Уа, Әбу Һурайра, қырық деген не? Қырық күн ба?», – деп сұрайды. Бұған Әбу Һурайра:
«Нақты ештеңе айта алмаймын», – дейді. Отырған сахабалар да:
«Әлде қырық жыл ма?», – деп сұрайды. Әбу Һурайра тағы да:
«Ештеңе дей алмаймын», – деп жауап береді. Сахабалар тағы да:
«Әлде қырық ай ма?», – дейді. Бұған да ол:
«Ештеңе айта алмаймын», – дейді, сосын хадисті әрі қарай жалғастырып:
«Осы уақыт ішінде адамның құйымшағынан ََُِّْ басқа барлық жері шіріп, жоқ болады. Бұдан кейін қайта жаратылу басталады. Бұл жаратылыс адамның осы құйымшағынан басталады. Сосын Алла Тағала көктен жаңбыр жаудырады да барлық адамзат өсімдіктер секілді қайта жан бітіп тіріледі», – дейді

Бұл жердегі хикмет Пайғамбарымыздың – сүннеті. Барлық ғылым мен хикметтің қайнар көзі болған Құран мен Пайғамбарымыздың сүннетін берік ұстану – шүбәсіз, даналыққа жетелейді. Өкінішке қарай, көбіміз мұның қадірін жете түсінбеудеміз. Ендеше Құранға қырын, сүннетке салғырт қараудан сақтасын Алла!
Жанкельдин Нұржанов

Марат Умытхановттың facebook парақшасынан алынды