Алғашқы күнгі қанды оқиғалар

588

Түркістанда ер адам ажырасқан әйелін балаларының көзінше бауыздап тастады. Сайрам ауданында азаматтық некедегі әйелін күйеуі ұрып өлтірген. Созақта суық қарудан оқ атып, 1993 жылы туған жастың өмірі қыршыннан қиылды. Жаңа жылдың алғашқы күні болған қанды оқиғалар осындай.

Ит жылының бірінші күні түркістандық 1981 ж туған азамат ажырасқан 1986 жылы туған әйелін перзенттерінің көзінше пышақтап өлтірген. Үш баланың кішісі бірінші сынып оқушысы. Аналарын көз алдарында туған әкесі жайратып салған.

Сайрам ауданында жедел жәрдем ауруханасына дене жарақаттарымен 1981 жылы туған азаматша кеп түскен. Азаматтық некедегі күйеуі өлімші етіп сабап тастаған. Өзбекстан елінен жұмыс іздеп келген әйел тілге келмей қайтыс болған.

Сондай ақ, Созақ ауданында жастардың арасында кикілжің туып, күдікті мылтықпен бірнеше рет оқ атып, 1993 жылы туған жігіттің өмірін қиды. Қазір белгілі болғанындай, олардың арасында қарым- қатынас бұрыннан салқын болған көрінеді.

Айта кетейік, аталған үш кісі өлімі бойынша ҚР ҚПК нің 99 бабы бойынша қылмыстық іс тірккеліп, күдіктінің үшеуі де уақытша қамау изоляторында. Қылмыстық процестер облыстық прокуратураның бақылауында болады.