Алаяқтың арбауынан абай болыңыз

320

Кентау қаласының полицейлері азаматтарды жұмысқа орналастырып беруге уәде еткен 27 жастағы алаяқты ұстады. Кентау ҚІІБ кезекші бөліміне бірнеше жәбірленуші арызданған, онда бейтаныс адам жұмысқа орналастырып беремін деп әрқайсысынан 50 мың теңгеден алып ізін суытқан.

Кентау ҚІІБ-ның қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті 1990 ж.т. жергілікті тұрғынды ұстады, бұрын соңды осындай қылмыстарға қатысы болған.

Тергеу барысында ұсталған күдіктінің сомасы жарты миллион теңгені құрайтын алаяқтықтың 8 жайтына қатысы бары анықталды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190 «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары алаяқтардың құрбаны болмас үшін, бейтаныс азаматтармен қарым-қатынас барысында сақ болуын ескертеді. Ешкімге сене бермеңіз және алаяқтың арбауына түсіп қалмаңыз.