Шымкент қ. полицейлері пәтер ұрлығына қатысы бар үш күдіктіні ұстады. 1980 жылы туған арызданушы ұрылар үйіне түсіп, 400 мың теңгенің тұрмыстық техникасы мен алтын бұйымдарды ұрлады деп шағым келтірген. ҚР ҚПК 188 бабы «ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Пәтер ұрлығын ашу мақсатында жүргізілген жедел іс қимыл нәтижесінде тәртіп сақшылары үш күдіктіні құрықтады.
1999 және 2000 жылы туған күдікті үш жігіт үй иелерінің үйде болмаған уақыттарын пайдаланып, терезеден үйге еніп, бағалы заттар мен ақшаны үптеп кетіп жүрген. 3 қаңтар күні 52 жастағы көлік иесі шағымданып, күдіктілер «ВАЗ» автокөлігінің терезесін сындырып, автомагнитоласын ұрлап кеткендігін хабарлаған.
Қазірдің өзінде тергеу нәтижесі бойынша күдіктілердің 5 ұрлық оқиғасына қатысы бар екендігі анықталды. Күдіктілер қамауға алынған. Басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы туралы анықталып жатыр. Тәртіп сақшылары тұрғындарды сақ болуға шақырады.