«Ауқымды мәселелерді кабинетте отырып-ақ шешуге болады»

422

Бүгін Абай ауданының әкімі халық алдындағы үшінші кездесуін өткізді. №87 мектептің мәжіліс залына 500 — ден астам тұрғын жиналған жиынға қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысты. Қаланың жаңа әкіміне деген сауалдың қордаланғаны соншалық ауызша да, жазбаша да сауалдар қарша борады.

Бүгінгі жиында ең өзекті деген төрт мәселеге басымдық берілді. Ол коммуналдық қызмет, мектеп пен аурухананың жеткіліксіздігі, жол және қоғамдық көлік. Соның ішіндегі ең сорақысы, қоғамдық көліктің қызметінің төмендігі екен. Қызметтік сапасыздығынан шаршаған жерлестеріміз көздеріне жас алып тұрып қала әкіміне жеткізді.

«Осы автобус мәселесі қашан шешіледі екен? Балаларымыздың мектепке қатынауы қиын. Студенттердің қалтасы қағылып жатыр, ал оқушыларды көлік қағып кетіп жатыр» деп ата-алналар алаңдаулы.

Жасыратындығы жоқ кездесуге келгендерге барлық ойларын ортаға салуға толық мүмкіндік берілді. Қарша бораған ауызша сауалдан бөлек жазбаша 30-дан астам тілік-өтініштер берілді. Өзі жаңадан әкім болып тағайындалған Шымкент шахары тұрғындарының бар мұқтажын байсалдылықпен толық тыңдаған қала әкімі Нұрлан Сауранбаев ойын қортындылап қолынан келгенше мәселені шешуге уәдесін берді.

Нұрлан Сауранбаев, қала әкімі: «Бүгінгі айтылған төрт ауқымды проблемаларды кабинетте отырып-ақ шешуге болады. Халыққа ақпаратты дұрыс жеткізу мамандардың міндеті».

Міне, осылайша қаланың жаңа әкімі бүгін Шымкент қаласы тұрғындарының бар мұқтажын өз құлағымен есітті. Енді жаңа әкім нәтиже шығарар деген үмітпен жерлестеріміз үйлеріне қайтты. Ал жылдық есебін берген Абай ауданының әкімі Ахмет Татыбаевтың жұмысы жақсы деп бағаланды.

Нұрлан Күдерұлы