Банк тонаушының ісі сотта қаралуда

418

Өткен жылдың тамыз айында Шымкенттегі «Каспий банк» бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасап, ірі көлемде ақша қолды еткен сотталушы Колометин Андрей Анатоньевичке қатысты екінші сот отырысы өтті. Сотталушыға ҚР ҚПК-нің 192-ші бабының 4-ші бөлігі, 2-ші тармағымен, 287 бабының 3-ші бөлігімен айып тағылып отыр.

ОҚО мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатқан сот процесінде куәлерден жауап алынды. Сотталушы кінәсін толық мойындап отыр. Екінші тарап «Каспий банк» АҚ сотталушыдан 6 млн 373 мың 744 теңге өтемақы талап етуде.

Айта кетейік, сотталушы Алматы қаласында да аталған банкке шолақ мылтық қолданып қарақшылық шабуыл жасап, 4 млн 319 мың 753 теңгені қолды еткен болатын. Шымкенттегі банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл кезінде жарылғыш қалта пайдаланған. «Каспий банк» АҚ Шымкент бөлімшесінен 24 млн 643 мың 215 теңге қолды еткен. Келесі сот отырысы осы жылдың 22 қаңтар күні өтеді.