Бүгін белгілі болғанындай, бір тонна көмір 13 мың теңгеден сатылып жатыр. Қатты отын арзандаса да қаланың іргесіндегі отын базасы тұрғындар мен кәсіпкерлердің сұранысын өтей алмауда. Қарағандыдан жеткізілген көмір алдын ала тапсырыс жасаған ірі кәсіпорындарға босатылуда.
Осындағы мамандар шұбаркөлдік қатты отынның қуаттылығы жақсы, алайда ол былтырдан бері тапшы дейді. Ең сорақысы оңтүстік өңіріндегі жылыжаймен айналысатын шаруашылықтарды көмірмен қамтамасыз ете алмай отыр. Қыс басталмай жатып бағасы тым аспандап кеткен болатын, сол кезде 16 500 теңгеден босатылған еді. Ал қазір 13 мың теңгеден сатылуда.
Шынар Оразова