Кәмелет жасына толмаған көрші қызды зорламақ болған 16 жастағы жасөспірімге қатысты сот үкімі оқылды. Ауылдасының абыройын төкпек болған жасөспірімнің ісі ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында жабық жағдайда қаралды.
Айыпталушының жасы кәмелетке толмағандықтан сот үкімі де жабық есік жағдайында оқылды. Бұрын сотты болмағандығы мен жас ерекшелігі, жәбірленушілердің кешірім бергендігі ескеріліп, ең төменгі мерзімді жаза кесілді.
Сонымен көрші қызды зорламақ болған 16 жастағы бозбала 3 жыл 9 ай бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.